Құлағына ен салынған мал құрбандыққа жарамай ма?

Құлағына ен салынған мал құрбандыққа жарамай ма?

Кейбіреулер құлағына ен салынған мал, сондай-ақ ақсақ-тоқсақ, арық малдарды құрбандыққа шалуға болмайды деп жатады. Бұл қаншалықты рас? Шынында да құлағына ен салынған малды құрбандыққа шалуға болмай ма?
Асылхан,
Арыс қаласы
Негізі малды құрбандыққа жарамды деуіміз үшін кейбір кемшіліктен ада болуы шарт. Сол кемшіліктердің бірі болып малдың құлағы мен құйрығының кесілгендігін айтамыз. Өйткені, Әзірет Әлидің: "Пайғамбарымыз (с.а.у) бізге құрбандық малының екі көзі мен екі құлағы сау болуына мұқият қарауымызды бұйырды", – дегендігі риуаят етіледі.
Сондықтан, құлағы мен құйрығының жартысынан астамы кесілген болса, ол мал құрбандыққа жарамсыз, ал жартысынан аз кесілген болса, құрбандық ретінде шалуға рұқсат. Бұл Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің тұжырымы. Әбу Ханифа бойынша үштен бірінен көп кесілсе жарамсыз. Десе де, Әбу Ханифа екі шәкіртінің пікірін құптағандығы деректерде бар.
Ендеше, ен салынған малдың құлағының жартысынан көбі аман болса, ол мал құрбандыққа жарамды.
Жауабы Muslim.kz сайтынан алынды

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста