Құрбан айт - 2014

Құрбан айт қашан басталады?

  • Нұрғиса Елеубеков (фото)

    Нұрғиса Елеубеков (фото)

Мұсылмандардың ең ұлық мерекелерінің бірі – қасиетті Құрбан айт мерекесі биыл нақты қашан басталады? Әрине, Ораза айттан кейін 70 күннен соң Құрбан айт болатынын білемін. Дегенмен нақты уақыты қашан екен? Кейбіреулер биылғы Құрбан айт мерекесі 4 қазанда басталады деп айтып жүр. Бұл қаншалықты рас?

Рамазан, Теміртау қаласы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының айтуынша, биыл Құрбан айт мерекесі 4-ші қазан күні басталады. Айт намазы Алматы қаласы бойынша шамамен сағат 7:30-да оқылады. Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл ұлық мерекені ұлттық нақышпен, жан-жақты дайындықпен ерекше атап өтуді жоспарлап отыр екен. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен облыс, аудан орталықтары мен қалалардағы мешіт аулаларында киіз үйлер тігіліп, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы дастархан жайылады. Қазақтың ұлттық спорт түрлерінен (арқан тартыс, қазақша күрес, гір тасын көтеру, асық ойыны, белтемірге тартыну, т.б.) сайыстар өткізіледі. Сондай-ақ, мешіт ауласында балаларға арналған арнайы ойын алаңдары жұмыс істемек. Республика бойынша жетім бүлдіршіндер мен мүгедектерге мерекелік бағдарламалар әзірленуде.

Мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айттың құрметіне Алматы қаласында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында тұңғыш рет рухани кеш өтеді. Кеште рухани сахналық қойылымдар көрсетіліп, діни әндер мен термелер орындалады.

Негізі Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып табылады. Бірақ биылғы Құрбан айттың бірінші күні сенбі күнге сәйкес келіп тұрғандықтан (онсыз да демалыс), дүйсенбі күні демалыс болмайды. Себебі, бұл мемлекеттік мереке емес. Сондықтан бұл күн автоматты түрде ауыстырылмайды. Егер айттың бірінші күні жұмыс күніне сәйкес келгенде, онда демалыс берілер еді.




Көрілген: 9009    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.09.2014, 16:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек 2014
    Айттық деген не?
    23 Қыркүйек 2014
    Құрбан айт намазы
    23 Қыркүйек 2014
    Құрбан айт батасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30