Құрбан айт - 2014

Құрбан айт мерекесін неден бастау керек?

  • Нұрғиса Елеубеков (фото)

    Нұрғиса Елеубеков (фото)

Алда мұсылмандардың ең ұлық мерекелерінің бірі – Құрбан айт мейрамы келе жатыр. Жалпы бұл мерекені қалай қарсы алған жөн? Неден бастау керек?

Ержан,
Қызылорда қаласы

Жалпы Құрбан айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке. Сондықтан жыл сайын бұл мейрамды барша мұсылман сағына күтеді, қастерлейді. Енді "тойдың болғанынан боладысы қызық" демекші, қазақ халқы той алдындағы қарбаластың да маңыздылығына зор мән берген. Мұсылман елдерінің Құрбан айт мерекесінің де арнайы дайындық күні бар. Ол арафа күні деп аталады. Бүкіл мұсылман осы күні айтқа қызу әзірленіп, алдын-ала қамданады. Әр үйде жылы-жұмсақ, тәтті тағамдар дайындалып, сәні мен салтанаты ерекше мерекелік дастархан жайылады. Құрбан айт мерекесі алдында мұсылман қауым толықтай шомылып, ғұсыл құйынып, үстіне жұпар иіс сеуіп, таза киімдерін киіп, айт намазына қатысуға қамданады. Бұл – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүндеті. Демек, Алла елшісі (с.ғ.с) бұл күні мұсылмандарға барлық жағынан таза болуға үндеген. Бұл ретте ерекше айта кететін нәрсе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Құрбан айт намазына барар алдында үйден ештеңе жемей шығатын болған. Сондықтан Құрбан айт намазына барар алдында шәй ішпей шыққан абзал. Сондай-ақ Ораза айт намазы сәл кешірек оқылатын болғанмен, Құрбан айт намазы ертерек оқылады. Ораза айт намазын кейінге іргелітудің даналығы мұсылмандар пітір садақасын кедейлерге асықпай беріп алсын деген ойдан шыққан. Ал Құрбан айт намазын оқуға асығудың мәні – адамдар құрбандықтарын ертерек шалып, олардан тезірек дәм татып, таратсын деген ойдан шыққан болуы керек.




Көрілген: 5750    Пікірлер: 2

сәрсенбі, 24.09.2014, 09:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек 2014
    Айттық деген не?
    23 Қыркүйек 2014
    Құрбан айт намазы
    23 Қыркүйек 2014
    Құрбан айт батасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30