Құрбан айт намазы қалай оқылады?

Құрбан айт намазы қалай оқылады?

Құрбан айтта оқылатын намаздың басқа уақытта оқылатын намаздан айырмасы бар ма? Құрбан айт намазында қандай сүрелер мен дұғалардың оқылуы міндетті?
Рахман,
Семей қаласы
Имамдардың айтуынша, айт намазы жамағатпен жария түрде оқылады. Азан мен қамат оқылмайды. Мысалы, имам "Алла разылығы үшін екі ракағат Құрбан айт намазын оқуға ниет еттім" деп ниет етсе, жамағат: "Екі ракағат Құрбан айт намазын оқуға ниет еттім, ұйыдым имамға" деп ниет етеді. "Аллаһу әкбар" деп тәкпір айтылып, құлақ қағылып, қол байланады. Имаммен бірге жамағат құпия түрде "Субханәкә Аллаһуммә" дұғасын оқиды. Одан кейін имам – жария түрде, жамағат – құпия түрде "Аллаһу әкбар" деп, үш рет тәкбір алады. Әрбір тәкбірді айтқанда қолдар жоғары көтеріліп, екі жанына түсіріледі. Үшінші тәкбірден кейін қол байланып, имам "Әғузу" мен "Бисмиллаһты" құпия түрде, одан кейін "Фатиха" мен қосымша сүрені дауыстап оқиды. Кейін жария түрде "Аллаһу әкбар" деп рүкүғ пен сәждеге барады. Жамағат та имаммен бірге рүкүғ пен сәждеге барады. Содан кейін екінші ракағатқа бастайды. Имам құпия түрде – "Бисмилланы", жария түрде "Фатиха" сүресін және қосымша сүрені оқиды. Міне, осыдан кейін алғашқы ракағаттағыдай үш рет "Аллаһу әкбар" деп тәкбір алады. Бұдан кейін имам – жария, жамағат – құпия "Аллаһу әкбар" деп рүкүғ пен сәждеге барады. Сәждеден кейінгі соңғы отырыста "әт-тахият", "салауат", "раббәнә" дұғалары оқылып, екі жаққа сәлем беріледі. Осылайша, айт намазының оқылуы бітіп, имам құтпа оқуға мінберге шығады. Айта кетейік, айт намазын да екі құтпа оқылады және екі құтпаның арасында жұма намазында отырғандай болады. Бірінші құтпаның басында "Аллаһу әкбар" деп тоғыз рет, ал екінші құтпаның басында жеті рет айтудың сауабы мол. Сондай-ақ айт намаздарының басында немесе соңында сүннет намаздары оқылмайды.

Менің білгім келгені, Құрбан айт намазы қалай оқылады және қай уақытта оқылады? Құрбан айт намазына қалай ниет ету керек?
Асылбек,
Алматы қаласы

Қасиетті Құрбан айт намазы Алматы қаласы бойынша таңғы сағат 7:30-да әрбір мешітте жамағатпен бірге оқылады. «Құрбан айт намазына қалай ниет етіледі?» деген сұраққа келетін болсақ, ол былай: «Ниет еттім Алла разылығы үшін Құрбан айт намазын оқуға, ұйыдым имамға, Аллаһу әкбар» деп құлақ қағып, ниет еткен жөн.

Құрбан айт намазы кезінде оқылатын сүрелер мен дұғалар
«Субхаанәка Аллаахумә уә бихамдикә уә тәбәәрәкәсмукә уә Тағаалә жәддукә уә ләә иләәхә ғайрук». Аудармасы: «Ия Алла! Сені кемшілік сипаттардан пәктаймын. Мақтауға лайықсың. Сенің есімің Мүбарак, Дәрежең өте Жоғары. Сенен өзге құлшылыққа лайықты Тәңір жоқ». *** «Ағузу биллаһи минаш шайтанир ражим, Бисмиллаһи рахмани рахим» деп, (Аудармасы: Қуылған шайтанның кесірінен Аллаға сыйынамын, Рахман һәм Рахымды Алланың атымен бастаймын), Фатиха сүресі оқылады: Фатиха сүресі: Әлхәмду лиллаһи раббил-әләмин, ар-рахмани-р-рахим, мәлики йауми-д-дин, иякә нағбуду уа ияка нәстағин, иһдина-с-сирата-л-мустақим, сирата-л-ләзинә, әнғамта ғалейһим ғайрил-мағзуби, ғалейһим уа ла-з-заллин. Аудармасы: Аса қамқор, ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы, Аллаға тән. Аса қамқор, ерекше мейрімді. Қиямет күнінің иесі: Иә Алла! Саған ғана құлшылық қыламыз әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз. Бізді тура жолға сала гөр! Нығметіңе бөлендіргендеріңнің жолына, ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес! *** «Би-исми-л-лаһи-р-раһмани-р-рахим» деп бір сүре оқылады. Мәселен Ыхлас сүресі: Құл һуа аллаһу аһад, аллаһу-с-самад, ләм йалид уа ләм йулад уа ләм йакун лаһу куфуан ахад. Аудармасы: Ол Алла біреу ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес. *** Немесе басқа бір қысқа сүре, мәселен Асыр сүресі оқылады: Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим Уәл’аср, иннәл инсәәнә ләфи хуср, илләлләзинә әәмәну уа амилус-саалихати уа тауасау билхаққи уа тауаасау биссабр. Аудармасы: Заманаға ант етемін. Бүкіл адам баласы зиянда. Бірақ, иман келтіріп, ізгі істер істегендер мен бір-біріне ақиқат пен сабырды үгіттескендер басқа. *** «Әт-тахият» дұғасы: Әт-тахияту лиллаһи уас-салауаату уа-таййбаат, әс-сәләәму ‘аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллооһи уә бәрәкаатуһ, әс-сәламу ‘аләйна уә ‘ала ‘ибәдиллаһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә ил-лАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән ‘абдуһу уә расуулуһ. Аудармасы: Барлық дұғалар, мадақтар, тәндік, дүниелік ғибадаттар Аллаға лайық. Ей, Пайғамбар! Саған сәлем. Әрі саған Алланың рақымы мен берекеті жаусын! (Ей, Раббымыз!) Сәлем бізге және Алланың салиқалы құлдарына болсын. Мен Алладан өзге ешқандай құдай жоқ екеніне және Хазіреті Мұхаммедтің Алланың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін. *** Салли және Бәәрик дұғалары: Аллаахуммә салли ьаләә Мұхаммәд. Уа ьаләә әәли Мұхаммәд. Кәмәә салләйтә ьаләә Ибраахиймә уә ьаләә әәли Ибрахиймә иннәкә хамийдум мәжийд. Аллаахуммә бәәрик ьаләә Мұхаммәд. Уә ьаләә әәли Мұхаммәд. Кәмәә бәәрәктә ьәләә Ибрахиймә уә ьаләә әәли Ибрахиймә иннәкә хамийдум мәжийд. Аудармасы: «Я, Алла! Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мұхаммедке және Оның отбасы мен ұрпағына, мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем ет. Тура хазіреті Ибраһим және оның отбасы мен ұрпағына мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем еткеніңдей. Және Хазіреті Мұхаммед пен оның отбасын, ұрпағын мүбәрак ет. Олардың ырыс-берекетін ұдайы арттыр. Тура Хазіреті Ибраһим оның отбасын, ұрпағын мүбәрак еткенің секілді. Күмәнсіз Сен – Хамидсің, мәжидсің. Яғни, барлық мадақ пен ұлылық, асқақтық саған ғана тән. Осы дұғадан кейін әуелі оң жаққа сосын сол жаққа сәлем беріледі. Сосын Раббәнәә дұғасы оқылып, бет сипалады. Осымен Құрбан айт намазы толық оқылған болып есептеледі. Рәббәнәә дұғасы: ...«Раббәнәә әәтинәә фиддуния хасәнәтәу уә филәхирәти хасәнәтәу уә қинәә ьазәәбән-нәәр»

Құрбан айт намазының оқылуы
«Аллаһу әкбар» құлақ қағылғаннан кейін намаз басталады.

Оң қолымызды сол қолымыздың үстіне қойып, кіндіктен төмен ұстап, қолды байлаймыз да "Субханәкә Аллаһуммә" сүресін оқимыз.
«Субхаанәка Аллаахумә уә бихамдикә уә тәбәәрәкәсмукә уә Тағаалә жәддукә уә ләә иләәхә ғайрук».
Аудармасы: «Ия Алла! Сені кемшілік сипаттардан пәктаймын. Мақтауға лайықсың. Сенің есімің Мүбарак, Дәрежең өте Жоғары. Сенен өзге құлшылыққа лайықты Тәңір жоқ».

1.Одан кейін екі басбармақты құлақтың жұмсақ етіне тигізіп, «Аллаһу әкбар» деп тәкбір айтамыз.


Сосын қолымызды бос, төмен түсіреміз.


2.Одан кейін «Аллаһу әкбар» деп тағы тәкбір айтамыз.

Қолымызды бос, төмен түсіреміз.


Үшінші рет «Аллаху әкбар» тәкбір айтамыз да, қолымызды қайта байлап ұстаймыз. Имам ішінен «Ағузу бисмилләні» айтып, фатиха мен бір сүрені дауыстап оқиды. Біз ештене оқымастан, имамды тыңдаймыз.
Сосын имамның артынан «Аллаху әкбар» деп рүкуға барамыз.
Рүкуда 3 рет «Субхана Раббил азим» деп айтамыз да, тік тұрамыз.

Тұрып бара жатып «Сәми аллаху ли-мән хамидаһ» деп айтамыз да, тік тұрғаннан соң, «Рәббәна ләкәл хамд» дейміз.


Сосын «Аллаху әкбар» деп сәждеге барамыз. Сәждеде 3 рет «Субханә раббил ала» дейміз.

«Аллаху әкбар» деп отырамыз.

Сосын қайтадан «Аллаху әкбар» деп сәждеге барамыз. Сәждеде 3 рет «Субханә раббил ала» дейміз.

Сәждеден «Аллаху әкбар» деп аяғымызға тік тұрамыз. Осылайша Айт намазының 2 ші рәкатын бастаймыз.
Аяққа тұрып қолдар байланады. Имам Фатиха мен бір сүрені дауыстап оқиды. Біз ештеңе оқымастан, имамды тыңдаймыз.

1.«Аллаху әкбар» деп құлақ қағамыз.

Қолымызды бос, төмен түсіреміз.

2.«Аллаху әкбар» құлақ қағамыз.

Қолымызды бос, төмен түсіреміз.

3.Үшінші рет «Аллаху әкбар» деп құлақ қаққан соң, қолымызды байламастан бірден рүкуға барамыз.

Рүкуда 3 рет «Субхана Раббил азим» деп айтамыз.

«Сәми аллаху ли-мән хамидаһ» деп тұрып, тік тұрған соң, «Рәббәна ләкәл хамд» дейміз.

Сосын «Аллаху әкбар» деп сәждеге барамыз. Сәждеде 3 рет «Субханә раббил ала» дейміз.

«Аллаху әкбар» деп отырамыз
Сосын қайтадан...

«Аллаху әкбар» деп сәждеге барамыз. Сәждеде 3 рет «Субханә раббил ала» дейміз.

«Аллаху әкбар» деп: Тахиатта отырамыз. Отырғанда «Әттахиат, Аллахумма салли, Аллахумма барик және Рәббәна атина» дұғаларын оқимыз.

Дұғалар біткенде имаммен бірге жүзімізді бірінші оң иыққа бұрып «Әс саламу әлейкум уа рахматуллах» деп сәлем береміз. Сосын сол иыққа бұрып «Әс саламу әлейкум уа рахматуллах» деп сәлем береміз.


Құрбан айт намазы осымен толық бітеді.

Ескерту: Намаздан кейін хұтба оқылады. Барша жамағат хұтбаны тыңтап отыруы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста