Құрбан айт тек қан шығаратын мереке емес

Құрбан айт тек қан шығаратын мереке емес

Ата-бабамыздан ұстанып келе жатқан асыл дініміздің ең ұлық мерекелерінің бірі Құрбан айтты қазір өз деңгейінде атап өте алып жүрміз бе? Бұған әркім әрқалай жауап берері сөзсіз. Дегенмен жасыратын несі бар, бүгінде біз Құрбан айтта тек құрбан шалумен ғана шектеліп бара жатқан секілдіміз. Өйткені бұл айтулы күнде демалыс күні бола тұра, елімізде ешқандй мерекелік шаралар ұйымдастырылып отырған жоқ. Кейбір жүрегінде иманы бар, жағдайы жақсы жігіттер таңертең жамағатпен бірге айт намазын оқып, қасапханаға барып мал сойдырып, оны жоқ-жітікке таратып жатады. Ары қарай тым-тырыс. Осымен бітті. Сонда қалай, Құрбан айттың қадірі құрбандық шалуда ғана ма?
"Құрбан" деген сөздің өзінің негізгі мағынасы "жақын болу, жақындау" дегенді білдіреді. Яғни Аллаға жақындау, оған мадақ айту деген сөз. Енді Аллаға жақындаудың, құлшылық жасап, ғибадат етудің мыңдаған түрлі жолдары бар емес пе? Мәселен, бұрынғы ата-бабаларымыз Құрбан айтты қалай тойлаған? Бұл туралы ҚМДБ-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров бір сұхбатында былай дейді:
–Тәуке ханның "Жеті жарғы" заңдар жинағында Құрбан айт туралы жазылған деректер кездеседі. Онда қасиетті мерекенің мән-маңызы, құрбандыққа қандай мал шалу, оның кімдерге міндеттілігі жөніндегі шариғат талаптары мен айт күндері араздасқан адамдар бір-біріне кешірім жасау керектігі жазылған. Қазақ халқы сонымен бірге мағыналы ән-жыр айтып, алтыбақан теуіп, ұлттық салт-дәстүрді дінмен ұштастыра отырып, керемет қылып өткізген. Егер Құрбан айт көктемге тура келсе, тура Наурыз мейрамы секілді атап өткен. Ағаш отырғызып, бұлақтың көзін ашып, айтыс өнерімен, термемен көпшілікті Аллаға құлшылық етуге шақырған. Жастарға үлгі-өнеге болатындай уағыздар насихатталып, түрлі бәйге-жарыстар ұйымдастырылған. Айт күні "айттық" айтып келген адамға сый-кәде ретінде жайнамаз, тақия, тәспі, кестелі орамал, зергерлік бұйымдар берілген. Тіпті Кеңес Одағы дінге тыйым салса да, қазақ ауылдарында айт намазы оқылып, құрбандық шалынып, арнайы дастарқан жайылып, ата-баба рухына құран бағыштау дәстүрі сақталған.
Міне, көрдіңіз бе, ата-бабаларымыз Құрбан айтты қалай тойлаған?! Неге бізге осылай республика бойынша мешіттерде, концерттік залдарда, әрбір өңірдің орталық алаңдарында Құрбан айтты үлкен мерекелік шара ретінде өткізбеске? Жастарға үлгі-өнеге болатындай, тәрбиелік мәні зор, ғибратты етіп өткізуге шамамыз келмей ме? Құдайға шүкір, Тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болдық. Енді бізге не кедергі? Ата-баба дәстүрін ислам дінімен сабақ­тастыра отырып, жастардың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңдіргеніміз жақсы емес пе? Құрбан айт туралы алдын ала көшелерге безендірулер, "Құрбан айт құтты болсын! " деген сияқты құттықтау сөздер іліп, Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат айтып, жас­тарға имандылық қағидаттарын түсіндіріп, оларды отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке баулысақ қандай тамаша болар еді. Ақындардың дәстүрлі Ислам діні туралы, жалпы, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу төңірегіндегі шығарған өлеңдеріне байланысты түрлі мүшәйралар ұйымдастырып, дін өкілдерінің уағызымен қоса, айтыскер ақындардың дәстүрлі ислам дінін насихаттағанын, діни мазмұндағы театрландырылған қойылымдар көрсетсек, анағұрлым сауапты іс болар еді деп есептейміз. Мектеп оқушыларының арасында Ахмет Ясауи, Абай, Шәкәрім, Мұқағали т.б. ақындардың Алла тағала, қасиетті Құран, сүйікті пайғамбарымыз жайлы толғаған шығармаларын жатқа оқығандарына сыйлық беріп, бәйге жарияласақ, Құрбан айт келесіде жас өскіндердің сағына күтетін мерекесіне айналар еді.
Негізі, шариғат үкімі бойынша "егер әдет-ғұрып, салт-дәстүр шариғатқа қайшы келмесе, онда ол ислам дініне алынады" делінген. Демек, біздің ән-жыр айтып, алтыбақан теуіп, көкпар, бәйге ұйым­дастырып, ұлттық дәстүр мен дінімізді сабақтастыра отырып мерекелегеніміз ешқандай шариғатқа қайшы емес. Бұл төңіректе ҚМДБ қарасты «Иман» журналының бас редакторы Оңғар қажы Өмірбек былай дейді:
– Бұл, негізі, жақсы идея екен. Бірақ қазір біздің құзырымыз тек мешіттерге ғана жүреді. Ал басқа жерде уағыз жүргізуімізге бізге заң бойынша тыйым салынған. Біз ешкімге "олай істейік, бұлай істейік" деп талап қоя алмаймыз. Егер жергілікті әкімдер осының барлығын ұйымдастырып, діни іс-шараларды ұлттық дәстүрмен ұштастыра отырып жасаса, имамдар ондай жерлерге барып, уағыз айтуға әрқашан дайын. Көрінген шетелдің әншілерін бәленбай мың долларға шақырып қаражат шығындағанша, осындай пайдалы істермен жас өскіндерге үлгі-өнеге, естерінде қалатындай етіп өткізсек құба-құп болар еді. Бұл күні ресми демалыс болғаннан кейін басқа дін өкілдерін де, өзге ұлт пен ұлыстың да басын қосып, елдің елдігін, бірлігін, ынтымағын арттыратындай, ұлттық өнер мен ізгі дінімізді насихаттасақ, нұр үстіне нұр болар еді.
Теолог ғалым Досай Кенжетайдың айтуынша, Құрбан айт тек қан шығаратын мейрам емес. Мұны өз деңгейінде атап өту үшін мерекелік концерттер, рухани іс-шаралар, халыққа дінді насихаттау, ағартушылық жұмыстары қатар жүргізілуі керек. Бұлардың бәрі кешенді түрде атқарылғаны жөн. "Өкініштісі сол, бізде барлығы жоғарыға қарай ауызды ашып, сол жақтан тапсырма күтетін психология қалыптасып қалған. Әйтпесе, діни агенттік немесе мүфтиат ел мен елді біріктіру үшін, адамзатты ізгілікке, татулыққа шақыру үшін осы мерекені жоғары деңгейде өткізейік деп ұсыныс айтса, бастамашы болса, онда оларға ешкім қарсы шықпайтыны сөзсіз. Бұл жерде тек тиісті мекемелердің белсенділігі қажет», – дейді теолог ғалым Д.Кенжетай.
Қалай десек те, Құрбан айттың негізгі мақсаты тек құрбан шалу емес, оның астарында үлкен мәнмағына жатыр. Құрбан айт – бұл ел арасындағы татулықты нығайтып, әрбірімізді кешірімді болуға үндейтін, адамдардың бір-бірімен бірлігін бекемдеп, қазақтың қонақжайлылық, ынтымақтастық, достастық, сыйластық секілді қасиеттерін арттыра түсуге себепші болатын ұлық мереке. Елбасымыз да дініміздің өркендеуіне жағдай жасап, халқымыз діни мейрамын мерекелесін деп Құрбан айттың алғашқы күнін ресми демалыс ретінде жариялады. Ендігі кезекте Қазақстанның бүкіл қалалары, аудандары, шағын ауыл-аймақтарына дейін осы айт мерекесінің ерекше көңіл күйін қалыптастырып, ұлттық, бүкіл халықтық деңгейде көтеруіміз қажет-ақ.
Өкінішке қарай, бізде Құрбан айтты өткізуді мешіттің шаруасы ретінде қарайтындар көп. "Дін – мемлекеттен бөлек" дейміз де, барлық жауапкершілікті соларға ысыра саламыз. Дегенмен дін мемлекеттен бөлек болғанымен, халықтан бөлек емес қой. Ал халқымыздың 70 пайызы ислам дінін ұстанатынын ескерсек, онда бәрібір мемлекет қоғамнан, діннен алшақ бола алмайды. Сондықтан бұл реттегі мәселені мемлекет тарапынан қолға алмасақ, істің нәтижелі болуы екіталай.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста