Құрбан айтта басқа қандай сауапты істер жасауға болады?

Құрбан айтта басқа қандай сауапты істер жасауға болады?

Қазіргі кезде көпшілік Құрбан айтта тек мал сойып, құран бағыштап қана жатады. Сонда Құрбан айт тек мал союмен ғана шектеле ме? Құрбан айтта басқа қандай сауапты істер жасауға болады?
Айтуған, Семей қаласы
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мамандарының айтуынша, негізінде, "Құрбан" сөзі – "жақындау" дегенді білдіреді екен. Яғни бұл күні жүрек тазарып, Аллаға жақындай түсеміз. Ал жақындау құрбандық шалумен шектелмейді. Жақындаудың сансыз амалдары бар. Ол қоғамда әркез көрініс тауып жатуы керек, тіпті сауапты істерді күнделікті атқаруға болады. Дегенмен осы қасиетті Құрбан айт күні жүрегін қолына ұстап, сауапқа жүгірген мұсылман отбасындағы жасы келген қарт кісіге, қара шаңырақ иесіне сәлем беруден бастаса игі. Ағайын мен ағайынның жақындасуы да осында. Құрбан етін үлестірген кезде әуелі ағайындарынан бастаса жақсы. Бізде кәсіпкерлер қайырымдылықтарын көбінесе "Алла разылығы үшін" емес, өзінің атақ-абыройына арнап жатады. Мұсылман адам тек өз қара басының қамын ойламағаны жөн. Құрбан айт күні мұсылманның барлық қасиеті таразыланады. Яғни бұл күні Жаратқан Алла тағала бірінші ниет пен пейілге үңіле амалды өлшейді. Бір айтып өтерім, Құрбан айттың алдындағы бір күн, яғни Арафа күнін ескермей келеміз. Дәл осы күні әрқайсымыз зират басына барып, дүниеден өткен ата-бабаларымызды бір уақ еске алып, құран бағыштасақ абзалырақ болар еді. Осы бір тұсты алдағы уақытта естен шығармасақ, Құрбан айтымыздың мәні арта түсері анық.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста