Құрбан айт - 2014

Құрбандық шалғанда оқылатын дұға

  • Нұрғиса Елеубеков (фото)

    Нұрғиса Елеубеков (фото)

Негізі құрбандықты нақты қай уақытта шалу керек? Арапа күні малды сойып, дайындап қою керек пе, әлде сол күні бауыздала ма? Және құрбандық шалар кезде қандай дұға оқылады?

Марат,
Шымкент қаласы

Негізі құрбандыққа мал бауыздау рәсімі Құрбан айт намазы оқылғаннан кейін үш күннің ішінде орындалуы тиіс. Одан бұрын немесе Құрбан айт мерекесі өтіп кеткеннен кейін мал сою құрбандыққа жатпайды. Бұл ретте Ұлық Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Бұл күні (Құрбан айт күні) біздің ең әуелгі ісіміз – намаз оқу. Одан кейін (үйлерімізге) қайтып, құрбан шалу. Кім осыны істесе, біздің сүннетімізге сай жол тапқан болады. Кім (айт намазынан) бұрын құрбандық шалса, бұл бар болғаны бала-шағасына берген ет, құрбандыққа қатысы жоқ». «Кім (айт) намазынан бұрын құрбандық шалса, ол өзі үшін мал сойғаны, кім (айт) намазынан кейін (құрбандық) шалса, ол құрбандығын толық орындаған болып, мұсылмандардың сүннетіне сәйкес амал еткен болады».

Айта кетейік, негізі қолынан келсе, малды құрбандық шалушының өзі бауыздауы керек. Ал егер мал соя алмайтын болса, онда сенімді біреуді өкіл етіп, соған бауыздатқызуға болады. Бұл ретте ерекше айта кететін нәрсе, түйеден басқа малдар сол жамбасына жатқызылып, басы құбылаға қаратылып дұға айтылып барып бауыздалады.

Құрбандық дұғасы: «Алла һума инни уажжаһту уажһи лилази фатириссамауати уал арзи, уама әнә минәл мүририкин. Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар. Лә иләһа илләл-лоһу уол-лоһу әкбвр. Аллоһу әкбар уа лилләһил – хәмді». Осы тәкбірден соң: «Бисмилләһи, Аллоһу әкбар», - дейді де, өткір пышақпен малды бауыздайды.




Көрілген: 58865    Пікірлер: 2

сәрсенбі, 24.09.2014, 09:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек 2014
    Айттық деген не?
    23 Қыркүйек 2014
    Құрбан айт намазы
    23 Қыркүйек 2014
    Құрбан айт батасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30