Құрбан айт - 2014

Құрбандық шалмай-ақ, садақа берсек бола ма?

  • Нұрғиса Елеубеков (фото)

    Нұрғиса Елеубеков (фото)

Құрбан айт мерекесінде құрбандық шалмай-ақ, садақа бере салсақ бола ма?

Батырхан,
Қызылжар қаласы

Бұл сұраққа кезінде «Нұр Астана» мешітіне бас имам болған белгілі исламтанушы Қалижан қажы Заңқоев жауап береді:

–Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Кімде-кімнің шамасы келе отырып, құрбандық шалмайтын болса, біздің намаз оқитын жерімізге келмесін! ", - деген. Бұл – өте ауыр айтылған сөз. Сондықтан жағдайы бар адам бір қой, я болмаса, жеті адам бірігіп, сиыр немесе түйені құрбандыққа шалуы тиіс. Құрбан айттың бірінші күні шала алмаса, одан кейінгі екі күннің ішінде сол мұсылмандық міндетін орындап шығуы шарт. Ал үлгермей жатса, құрбандыққа шалатын малдың ақшасын садақа ретінде берсе де болады. Алайда Құрбан айт болғаннан кейін құрбандық шалған жөн. Оның еті, қаны мен жүні Алла тағалаға жетпейді. Аллаға біздің жүрегіміздегі тақуалығымыз, шын ниетіміз жетеді. Құранда "Хаж" сүресі-нің 28-аятында: "Құрбанның етінен өздерің жеңдер, әрі міскіндер мен кедейлерге жегізіңдер", – делінген. Демек, құрбандыққа шалынған малдың етінен өзі және өзгелер де жей алады. Дұрысы, құрбан етін үшке бөліп, бір бөлігін мұқтаж жандарға, екінші бөлігін туған-туыстарға немесе көршілерге, ал қалған бөлігін өз отбасына алып қалған жөн. Сондай-ақ "барлығын Алла жолында атадым" деп құрбан етін түгелдей тұрмысы төмен жандарға таратып беруге де болады.




Көрілген: 2561    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.09.2014, 16:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек 2014
    Айттық деген не?
    23 Қыркүйек 2014
    Құрбан айт намазы
    23 Қыркүйек 2014
    Құрбан айт батасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30