Құрбан айт - 2014

Құрбандыққа шалған мал етін өзге дінді ұстанатын досыма берсем бола ма?

  • Нұрғиса Елеубеков (фото)

    Нұрғиса Елеубеков (фото)

Менің бір досым православ дінін ұстанады. Алайда оның жағдайы жоқ, отбасы жұпыны тұрады. Осы ретте құрбандыққа шалған мал етінің бір бөлігін оған берсем бола ма, әлде бұл дұрыс емес пе? Шариғатта бұған қатысты не айтылған?

Сабырхан,
Алматы қаласы

Құрбандық етінен өзге дін иелеріне де садақа етіп беруге шариғатымызда рұқсат. Өйткені, Алла тағала Құран Кәрімде: "Алла (Т.) дін үшін сендермен соғыспаған және жұрттарыңнан шығармағандарға жақсылық қылуларыңа, әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Расында Алла (Т.) турашылдарды жақсы көреді", – дей келе, өзге дін иелеріне жақсылық жасауға болатындығын айтуда. Ал, құрбандық етін беру де өзгеге жасалған жақсылық болып есептеледі. Демек, оны өзге дін иелеріне берудің ешбір ағаттығы жоқ. Бұл әрекет бір шетінен сауап, екіншіден өзге діндегілердің Исламға деген жақсы көзқарастары қалыптасуына септігін тигізуі мүмкін.

Ертеректе сахабалар да құрбандық етінен өзге дін иелеріне бергендігі деректерде келтірілген. Мысалы, Тирмизидін хадис жинағында келген риуаятта Мүжәһид былай дейді: "Сахаба Абдулла ибн Амрдің үйінде бір қой құрбандыққа шалынды. Сонда Абдулла ибн Амр: "Көршіміз Яһудиге (етінен) бердіңдер ме? Көршіміз Яһудиге (етінен) бердіңдер ме? – деп сұрады да ары қарай сөзін – Мен Пайғамбарымыздың былай дегенің естідім: "Жәбрайыл маған көршіге жақсылық жасауды көп кеңес еткендігі соншалықты, көршіні де мүрагерлікке кіргізеді ме деп ойлап қалдым",– деп өрбітті".

Ендеше, құрбандыққа шалынған малыңыздың етін көршіңіз христианға да берсеңіз, сіз үшін сауап болмақ.

Сұрақтың жауабы Muslim.kz сайтынан алынды




Көрілген: 2708    Пікірлер: 1

сәрсенбі, 24.09.2014, 13:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек 2014
    Айттық деген не?
    23 Қыркүйек 2014
    Құрбан айт намазы
    23 Қыркүйек 2014
    Құрбан айт батасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30