Құрбан айт - 2014

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қалай құрбан шалған?

  • Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қалай құрбан шалған?

    Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қалай құрбан шалған?

Ассаламуалейкум! Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қалай құрбан шалған? Сол жайлы қысқа да нұсқа айтып берулеріңізді өтінемін.

Ботагөз, Астана

Уағалейкумассалам!

Иә, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құрбан шалған. Сонымен бірге, малды өз қолымен бауыздаған. Ол жайлы бірнеше дерек келтіре кетейік:

1. Әнас бин Малик (р.а.): «Пайғамбар (с.ғ.с.) мүйізді екі қошқарды құрбандыққа шалды. Екеуін де өз қолымен, бисмилла мен тәкбір айтып, (малдың) бүйірін аяғымен басып тұрып бауыздады», – деп риуаят етеді.

2. Айша (р.а.) риуаяты: «Алла елшісі (с.ғ.с.) бір қошқарды алдырды. Оның аяғы қара, іші қара, көзі қара (еді). Құрбан ету үшін алдырды. Айша анамызға: «Пышақты алып кел де, оны таспен қайра», – деді. Солай етті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қошқарды жерге жатқызып, бауыздап: «Бисмилла! Уа, Алла! Мұхаммедтен, Мұхаммедтің отбасынан және Мұхаммед үмбетінен қабыл ет», – деп құрбан шалды»;

3. Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) Мадина қаласында он жыл тұрды, (әр жылы) құрбандық шалды», – деп риуаят етеді.

Автор: Руслан Камбаров




Көрілген: 3396    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.09.2014, 11:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек 2014
    Айттық деген не?
    23 Қыркүйек 2014
    Құрбан айт намазы
    23 Қыркүйек 2014
    Құрбан айт батасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30