Ғылым мен адам санасындағы төңкеріс

Ғылым мен адам санасындағы төңкеріс

Күнделікті күйбең тірлік­пен жүрген адамды ғылымда бо­лып жатқан таң-тамаша қыларлық жаңалықтар селт еткізе қоймайды. Алайда мәң­гі солай жалғасып кете бермейді. Ғалымдардың бол­жауынша, осы уақытқа дейін ғылыми жаңалықтар адамдардың тұрмыс-тір­ші­лігіне ғана өзгерістер алып келген болса, ендігі ашылыстар адамның санасына да айтарлықтай үлкен өзгерістер әкеледі. Ол қандай өзгерістер дей­сіз ғой? Бұл біріншіден, адам­ның материяға деген көз­қарасына қатысты болмақ.
Болмыс пен сананы бір-бірінен бөліп қарау үрдісі ХVI ғасырда пайда болғаны бел­гілі. Алайда француз ғалымы Рене Декарт негізін салған «болмыс пен сананы бөліп қарау жөніндегі» теория қазір бір­жола күйреуге беттеді. Көзбен көріп, қол­мен ұстауға болатын дүниені болмыс деп атап, «Біз болмысты микроскоппен, телес­коп­пен, салмағы болса таразымен өлшей ала­тын объективті көзқарасқа ғана сү­йе­нейік. Арнайы құрылғылармен өл­шеу­ге бо­латын нәрселерді ғана зерт­тейік, ғы­лым деп осыны ғана айтайық. Ал сана деген көзге көрінбейді, при­бор­мен өл­шен­бейді. Бар екенін білеміз. Бірақ, көзге көрінбейтін нәрсені зерттеп қай­те­міз?!» – деді ол. Осыдан кейін жа­ра­ты­лыс­тану ғылымдары материяны ғана зерт­теу­­мен айналысып, сана ұғымын фи­ло­­соф­тар мен пси­хо­лог­тер­ге қалдырды. Алайда жа­ра­тылыстану ғылымының әр сала­сын­дағы, әсіресе классикалық физикадағы түсінік таппаған көптеген құбылыстар ғы­лымды тығырыққа әкеліп отырды. Соның барлығы жи­нақталып, ХХ ғасырда квант­тық меха­ника ғылымының пайда болуына әкелді. Заттың микродеңгейін қарас­ты­ра­тын кванттық механиканың басты ерек­ше­лігі ол материя мен сананы бір бүтін құрылым деп есептей бастады. Аталған ғылым са­ласының пайда болуымен қызған дененің сәу­ле шығаруы, фотоэффект, Резерфорд атомының орнықтылығы сияқ­ты көптеген ақиқаттар ашыла бастады.
Ғылым осы бағытта дамып кете беретін болса, оның адам өміріне әсері болары сөзсіз. Тұрмыс-тіршілігіне қатысты әсер емес, санасына қатысты әсерді айтып отыр­мыз. Жалпы, адамдардың санасы ғы­лым­нан жарты ғасырға, бір ғасырға ке­шігіп жүретіні белгілі. Мәселен, бір кездегі Эйнштейннің салыстырмалы тео­рия­лары қарапайым адамдардың сана­сы­на енді-енді жете бастады. Сол сияқты кванттық механиканың шындықтары да енді бір жарты ғасырдан сүзіліп, сүт бетіне шығады.
Мәселен, қазір Голливуд киностудиясы көрермендерге сан түрлі фантастикалық фильмдер ұсынып жатыр. Бірақ соның көбі режиссердің қиялынан туған сан­дырақ ертегі емес. Идея іздеген сце­на­рийші іргелі ғалымдарды жиі жағалап жүреді. Яғни өткен шаққа кетіп қалу, бола­шаққа өтіп кету, жоқтан бар жасау, қабыр­ғаны тесіп өтіп кету сияқты, бір қарағанда ақылға сыймайтын құбылыстар қазіргі ғылым үшін қалыпты жайт. Әсіресе квант­тық механика негіздерін меңгерген ғалым бұл фильмдерді фантастикалық туынды емес, терең ғылыми тұжырымы бар ақиқат ретінде тамашалайды.
Кванттық механика ғылымы пайда болғалы бері жаратылыстану ғылым­дарында көзқарастар төңкерістері жүріп жатыр. Басқаша атау мүмкін емес. Себебі бұл жай ғана ғылымдағы толықтырулар, қарапайым өзгерістер емес, түбегейлі тұжы­рымдық деңгейдегі төңкеріс. Декарт заманынан бері бес ғасырдан кейін ғалымдар болмыс пен сананы, материя мен рухты бірге қарастыру қажет деген тұжырымға келді.
Мәселен, кванттық механикадағы әйгілі «қос тесік» экспериментін (еxpe­ri­ment double-slit) айталық. Эле­мен­тар бөл­шектер белгілі – бір физикалық тәртіппен ғана емес, бақылаушының көз­қарасы бо­йынша да қозғалатыны дәлелденді. Яғни біз жансыз мақұлық атап жүрген кез келген заттың микробөлшектері біздің (адамның) санамызбен санасады. Элементар бөл­шектің қозғалысы біздің ойымызбен аста­сып жатыр. Мұны қара­пайым физикалық заң­дылықтармен түсін­діру әсте мүмкін емес. Қарапайым тілмен айтсақ, баласы науқастанып жатса, анасы соны мың ша­қы­рым жерден сезіп тұратын жағдайлар жиі кездеседі. Болмысшыл физика ғы­лымы бұған ешбір уәж айта ал­майды. Ал кванттық механиканың көз­қа­расына сал­сақ, барша әлем бір-бірімен ми­кро­дең­гей­де байланысып жатыр. Және ол біздің түсінігіміздегі физикалық заңды­лықтарға бағына бермейді. Оны зерттеуге бөлек теория, бөлек көзқарас керек. Кванттық физиканың айтуынша, біздің «материя» деп атап жүрген кез келген зат, қоршаған әлем тұрлаусыз, түсініксіз дүние болып шықты. Мәселен, қарапайым адам­ның санасында заттың үш күйі болады: тығыз, газ, сұйық. Біз үшін темір дегеніміз – қатты зат. Ағаш одан жұмсақ, нан тіпті жұмсақ нәр­се. Су – сұйықтық. Ауа – газ. Ал квант­тық механиканың негіздеріне салсақ, те­мір­ден нан, ауадан алтын, сусыннан тас жасауға болады. Яғни кез келген заттан кез келген күйдегі затты жасап шығаруға болады. Егер бұл теория біржола дәлел­ден­се, ешбір заттың құны болмауы керек. Се­бебі барлығы бір материалдан жасал­ған.
Қазір Францияның шекарасында ор­наласқан, Еуроодақтың ортақ қаржы­сына жұмыс жасап жатқан «Үлкен Адронды коллайдер» зертханасы осы материяның тылсым түсініктерін зерттеп жатыр. Әрине, бұл – кванттық механика ашып жатқан шын­­дықтардың жүзден бір бөлігі ғана. Ғы­лымнан ләззат ала білетін адам оның бар­лығын тексеруге тырысар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста