Қазақ жастарын ғылымға тартудың қандай жолдарын ұсынар едіңіз?

Қазақ жастарын ғылымға тартудың қандай жолдарын ұсынар едіңіз?

Құсайын РЫСАЛДИН, Филология ғылымының докторы, профессор:
– Біз жастарды ғылымға тартуды мектеп қа­бырғасынан бастауымыз ке­рек. Жас ке­зі­нен олардың ғылымға де­ген қызы­ғу­шы­лығын оята білсек, жастар ғы­лымға қандай мақсатпен келе жат­қанын, не берем деп ке­ле жатқанын біліп, алдын ала да­йын­далып келеді. Тіп­ті олардың бойында ғы­лыми жа­ңа­лық ойлап табуға деген құл­шыныс қа­лыптасады. Біз қазір оқу­­шы­лары­мызды тест жаттауға дағ­ды­лан­ды­рып, өз бе­тімен жұмыс жасау мүм­кін­дігінен айыр­дық. Осыған жаным ауырады. Өйткені ғылыми жаңалық – адамның өз бетінше жұмыс істеуінің жемісі. Сондай-ақ жал­пы, қоғамымызда ғылымның өндіріс­пен ұштасуына көңіл бөлуіміз керек. Заман ағымына сай ғылыми жаңалық­тар өн­діріске енгізіліп, соған сай мем­ле­ке­тіміз дамып жатса, олардың ара­сында бәсеке қалыптасып, ғылыми жаңалық ойлап табуда бір-бірінен асып түсіп жататындай жүйе енгізуіміз керек. Сондай-ақ ғалым­дарымыз алаңсыз ғылыммен айналыса­тын­дай олардың әлеуметтік жағдайын та­лапқа сай етуі­міз керек.  

Мұхтар БАЙБАТШАНОВ, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты:
– Жастарды ғылымға тарту үшін ең алдымен олардың әлеуметтік жағдайын көтеруіміз керек. Мәселен, 30 мың теңге жалақысы бар, үй алуға жағдайы жоқ, зерттеген ғылыми жаңалығы өнді­ріс­пен ұштасып, нәтижесі білінбейтін салаға ешкімнің келгісі келмейтіні анық. Бұрын жас ғалымдар университет бітір­ген соң ғылыми-зерттеу институт­та­рын­да жұмыс істеп, бар ниетімен ғы­лыммен айналысуға көңіл бөлетін. Жала­қылары 250 рубль болатын. Әлеу­меттік жағ­дайын мемлекет қамтамасыз етіп қой­ған соң, еш алаңсыз ғылымның соңына түсетін. Ал қазір мүмкіндігінше ғалым атанудан гөрі, басқа кәсіппен шұғыл­данғанды дұрыс санайды. Сон­дық­тан мен бар мәселе ғалым­дар­дың әлеумет­тік жағдайына байла­нысты деп ойлай­мын.

Ердос ОҢҒАРБАЕВ, химия ғылымының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің деканы:
– Мен ғылым саласына келетін жас­тар саны азайып кетті дегенге келіспей­мін. Ғылыммен айналысқысы келетін жастар шама-шарқынша ғылымға келіп, еңбек етіп жүр. Өкінішке қарай, олардың бұл еңбектері көрінбей жатыр. Жанының қалауымен ғылымға келгісі келетін адам оған жасалған жағдайға, әлеуметтік жағдайына қарамайды, ол үшін істеген еңбегінің нәтижесін көру оған барлық нәрседен жоғары тұрады.  Сондықтан мүмкіндігінше ғылыми жаңалықтардың өндіріспен ұштасуына көңіл бөлсек, ғалымдарымызға сол арқылы мемлекеттің дамуына үлес қосып жатқанын сездіре алсақ болғаны.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста