Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мемлекет қаржысынан жаңажылдық корпоративтік кештерді өткізуге тыйым салу керек пе?

26 желтоқсан 2013, 15:11

Сайын БОРБАСОВ, саясаттанушы:
– Мемлекеттің қаржысы – халықтың ақ­­шасы. Бюджеттегі қаржы халықтан жи­на­лады. Сондықтан мемлекеттік меке­ме­лер­ге ақшаны оңды-солды шашатын кез келген корпоративтік кештерді өткізуге тыйым салу қажет. Мұндай сауық кештерді мем­лекеттің қаржысымен өткізу, ұйым­дас­ты­ру мәселесі заңмен көрсетілмеген. Де­мек, қазір көптеген мекемелер халықтың қар­жысын талан-таражға салып жатыр деп айтуға болады. Мысалы, түрлі мем­ле­кет­тік мекемелер арнайы дөңгелек үстел­дер, конференциялар өткізіп жатады. Мұн­дай іс-шаралар халыққа рухани тұрғыдан өз дең­гейінде пайдасын тигізеді. Ал сауық кеш­тері мемлекетке я болмаса бұқараға пай­далы ма? Жоқ. Яғни мемлекет қаржысы «ұс­тағанның қолында, тістегеннің аузында» кет­пеуі үшін осындай жаңажылдық кор­по­ративтік кештерді өткізуге тыйым салып, әр ми­нистрлік өз ішінде қадағалау жұ­мыс­тарын жүргізгені жөн. Мысалы, ЖОО-лары, мектеп т.б оқу орындары Білім және ғылым министрлігіне жатады. Министрлік сауық кеш­терге ақша бөлмеу жөнінде арнайы тап­сырма беріп, тыйым салса, бәрі өз қал­пы­на келеді деп ойлаймын. Мемлекет са­лық төлеушілердің қаржысының қайда кет­кеніне есеп беріп отырады. Сол есепте осын­дай мәселелер байқалып жатса, әкім­шілік жолмен жазалау қажет.

Айдар ҚЫРЫҚБАЕВ, Алматы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз хатшысы:
– Мемлекеттік мекемелердің жаңажыл­дық сауық кештеріне бола мемлекет қар­жы­­сын жұмсауы дұрыс емес. Осыдан үш-төрт жыл бұрын бұл мәселеге Ел­­­ба­сы­мыздың өзі мән беріп, әкімдерге, мем­лекеттік компаниялардың, министр­лік­тер­дің басшыларына тікелей тапсырма бер­ген болатын. Бұл тапсырма қаншалықты орын­далып отырғанын қадағалап, бақы­лап жатқан ешкім жоқ. Менің ойымша, бұл орай­да бюджет ақшасына корпоративтік кештерді өткізбеу туралы Елбасының тап­сырмасын негізге алып, халықтық бақылау жүргізген жөн. Өйткені сауық кештері бюд­жеттің емес, қызметкерлердің қаржысымен аталып өтуі тиіс. Қазір қоғамда пікір қай­шы­лығы туындап, Жаңа жылды тойлау, той­ламау мәселесі көтеріле бастады. Егер де біз ұлттық мейрамымыз Наурызды жаңа жыл ретінде тойласақ, сіздер айтып отыр­ған мемлекет қаржысына қатысты мәселе өз­дігінен шешімін табар еді. Бірақ оған ауыз­бен айтқанымызбен, іс жүзіне кел­генде тайқып кетіп жатамыз.

Майра АЙСИНА, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Жаңажылдық немесе басқа да мей­рам­дардың сауық кештерін өткізу ісі же­ке­леген азаматтардың бастамасымен жүзеге асуы керек. Егер де қызметкерлер кор­по­ра­тивтік кеш жасауды қаласа, мемлекеттің қар­жысымен емес, өз ақшаларына өткізсін. Мә­селен, жылда Астанада Президенттік шыр­ша ұйымдастырылады. Біз сол шараға бар­сақ та, бармасақ та, өз қаражатымызды қо­самыз. Бұл қаражат кемтар және ауырып жат­қан балалардың көңіл көтеруіне жұм­са­лады. Бұл ақшамен қаншама балалар үйінде мерекелік кештер өткізіледі. Кейбір ме­кемелерде кәсіподақтар жұмыс істе­й­ді. Егер де сауық кештеріне кәсіп­одақ қар­жы бөлсе, оған қарсы келе алмаймыз.