Көзқарас

Еуропа қызыққан Момышұлы мұрасын сарбаздарымыз білмейді

Бауыржантану ғылымы әскери сала үшін игерілмеген тың тәрізді. Оның әскери жорықтардағы көрсеткен тәжірибесі мен орасан зор теориялық еңбектері арнайы оқыту бағдарламасына еңбей, тәрбие сағатының деңгейінде қалып отырғаны көкірек көзі ояу жұртты еріксіз «әттеген-ай» дегізеді. Бүгінгі сарбаздық сапта жүргендер мен әскери оқу орны тәлімгерлерінің ұлт қаһарманы Бауыржан Момышұлының атын білгенімен, затын білмей, ұятқа қалып жататын кезі жиі ұшырасады. 

Мәскеу түбіндегі аңызға айналған шайқастарын айтпағанда, 27 рет соғыс тарихында болмаған тактикалық маневр жасап, әскери өнерге жаңалық енгізген Момышұлының ғылыми еңбектерін Еуропа елдерінде арнайы пән ретінде оқытады екен. Қазақстанда тіпті Баукеңе мектептің де аты берілмей тұрған кезде ең алғашқы болып Израиль мемлекеті бір әскери оқу орнының атын Бауыржан Момышұлының атымен атап, әскери оқу орындарына «Қанмен жазылған кітап» атты еңбегін оқытуды жүзеге асырыпты. Бұл – ұлттық батырымыздың ерен ерлік­терін мойындау ғана емес, соғыстағы озық тәжірибесі мен тағылымын өз игілік­теріне жұмсауды мақсат тұту. «Баукең туралы дабыраға толы әңгіме айтқаны­мызбен, ұлтқа пайдасы бар тұстарын зерделеп, пайдаға жаратуға келгенде ақсап жатамыз.  Баукең көп қудалау көрді. Білімін қазақ пайдасына жұмсап қояды деп қатты қорыққан. Өйткені оның ұлтшылдығы бірден көзге ұрып тұратын. 1944 жылы Бауыржан Момышұлы ден­саулық жағ­дайымен Алматыдағы госпи­тальға түседі. Сол жылдар шама­сында ол жазушылармен кездесу өткізеді. Оның әскери білімін алып қалу мақсатында Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаевтар бір кітапқа арқау боларлықтай конспектілер жазып алған», – дейді Бауыржан мұрасын тірнектеп жи­нап жүрген ғалым Мекемтас Мырзахмет­ұлы.




Көрілген: 3137    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.05.2012, 08:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30