Қылмыс

10 млн теңге алименттін төлемей жүрген әкеге іздеу салынды

  • 10 млн теңге алименттін төлемей жүрген әкеге іздеу салынды

    10 млн теңге алименттін төлемей жүрген әкеге іздеу салынды

Шығыс Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарып жүрген ер адамның қарызы 10 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде алимент төлемей жүргендерді анықтау үшін бірқатар шара атқарылуда.

«19 қазанда Өскемен қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметіне 10 млн теңге мөлшеріндегі алиментті төлемей жүрген 45 жастағы ер адамға іздеу салу туралы сот шешімі келіп түсті. Әйел адам ұзақ уақыт бойы өзінің кәмелетке толмаған баласына алимент төлеуден жалтарған азаматты таба алмай жүрген. Тәртіп сақшылары 24 сағат ішінде борышкердің тұрғылықты мекенжайын анықтады. Енді қарызды өндірумен сот орындаушылары айналысатын болады», - деп хабарлады ведомство өкілдері. Айта кетейік, көші-қон қызметінің полицейлері жыл басынан бері іздеу жарияланған 168 адамды бір тәулік ішінде тапқан.




Көрілген: 369    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 23:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31