Қылмыс

100 мың теңге үшін тапсырыспен көлік өртемек болған қылмыскер ұсталды

  • 100 мың теңге үшін тапсырыспен көлік өртемек болған қылмыскер ұсталды

    100 мың теңге үшін тапсырыспен көлік өртемек болған қылмыскер ұсталды

Алматы полициясы көліктің тапсырыс бойынша өртенуін анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Нысан - жергілікті тұрғынға - 1952 жылы туған К.есімді азаматқа тиесілі «Subaru» автокөлігі.

 - Қылмыс 14 желтоқсанға қараған түні Шагабутдинов көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласында болған. Бақытымызға орай, көлік құралы өртенуінің салдарынан зардап шеккендер жоқ. Бұл факт ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сот-өрт-техникалық сараптамасы тағайындалды. Сонымен қатар, бұл қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, оның құрамына қалалық криминалдық полиция да кірді. Жедел және арнайы іс-шаралар кешенінің нәтижесінде күдікті анықталып, қамауға алынды. Бұл - 1983 жылы туған Ш. азамат болып шықты, ол жұмысы үшін оған 100 мың теңге уәде еткен өзінің танысы, 1959 жылы туған М. азаматтың тапсырысын орындағанын мойындады. Өртке тапсырыс берушісі дереу ұсталды. Автокөлік иесі екеуінің арасында жеке дұшпандық қатынастар аясында бірнеше рет жанжалды жағдайлар болған, бұл қылмысқа түрткі болды, - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.

Спикердің айтуынша, екі күдікті де ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.




Көрілген: 416    Пікірлер: 0

жұма, 18.12.2020, 23:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31