Қылмыс

13 рет жауапкершілікке тартылған жүкті әйел тағы 6 іс бойынша күдікке ілінді

  • 13 рет жауапкершілікке тартылған жүкті әйел тағы 6 іс бойынша күдікке ілінді

    13 рет жауапкершілікке тартылған жүкті әйел тағы 6 іс бойынша күдікке ілінді

Полицейлер күдікті әйелдің кәмелетке толмаған баласы барын және жүктіліктің алтыншы айында екенін ескеріп, оған ешқайда кетпеу туралы қолхат берген

Еңбекшіқазақ ауданында 26 жастағы Талғар қаласының тұрғыны ұсталып, алаяқтық әрекеті үшін күдікке ілінді, деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаменті.

Бір қызығы, ол бұған дейін де бірнеше рет полицияға жеткізіліп, 13 рет жауапкершілікке тартылған. Соған қарамай, оған бас бостандығын шектеумен байланысты сот үкімі екі-ақ рет қолданылған екен.

"Ұсталған азаматқа алты алаяқтық фактісі бойынша айып тағылып отыр. Бұл әрекеттер Есік қаласы мен жақын маңдағы ауыл дүкендерінде жасалған. Сатушыларға ол өзін дүкен иесінің туысымын деп таныстырып, түрлі маркалы темекілерді қорабымен алып кетіп отырған", &ndash делінген хабарламада.

Қазіргі кезде аталған деректер негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осыншама мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Айта кетейік, полицейлер тарапынан күдікті әйелдің кәмелетке толмаған баласы бары және жүктіліктің алтыншы айында екені ескеріліп, оған тергеу кезінде ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде алдын-алу шарасы қолданылған.

sputnik.kz




Көрілген: 358    Пікірлер: 0

сенбі, 24.10.2020, 21:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31