1300 адамнан ақша жинап алған «Innova Gold» компаниясы қаржы пирамидасы болып шықты

03 тамыз 2022, 11:24

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті  «Innova Gold» қаржы пирамидасының жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Салымшылардың жалпы саны 1300-ден асады. Қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталып жатыр.

«Ұйымдастырушыға қатысты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды»,-деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.