Қылмыс

14 жастағы жасөспірімдер 3 "бомжды" ұрып өлтірген

  • Көрнекі сурет.  https://omsk.sibnovosti.ru/

    Көрнекі сурет. https://omsk.sibnovosti.ru/

Ал осы қылмысты ұйымдастырған азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жасөспірімдердің бірін бұрын қылмыс жасамағанын ескеріп, өзге біреудің ықпалында кеткенін есеспке алып, 7 жылға соттады. Ал үшінші адам кісі өліміне қатысы болмағандықтан, шартты түрде үш жылға сотталды. Бірақ оның басқа да жасаған қылмыстары бар екен. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

NewTimes.kz-тің мәлімдеуінше, сотталушы Ч. есімді азамат 2019 жылдың жазында Ресейден Жітіқараға келген екен. Ол сол жерде бұзақылық, тонау, меншікті иемдену бойынша бірнеше қылмыс жасап үлгерген. Сол қылмысына 14 жастағы екі жасөспірімді тартқан. Оның бірі &ndash інісінің баласы еді.

 

«Олардың бұл достығы &ndash адам өліміне байланысты еді. Оның екеуін әдейі өлтірсе, үшіншісі абайсыздықтан қолын қанға бояған.  Алғашқы қылмыста Ч. азаматы адамды өзі өлтіреді. Ал екіншіде қылмысты ұйымдастырушы болған. Ол жасөспірімді араққа тойыдырып, қолына пышақ ұстатып, жерде жатқан қаңғыбасқа «пышақ сал» деп тапсырған. Соның алдында ғана олар сол қаңғыбасты соққыға жығып тастаған болатын. Қаза болғандардың бәрі &ndash тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар» деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

 

Негізі  ер адам бұған дейін де адам өліміне әкелген ауыр дене жарақатын салғаны және кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқықбұзушылық жасауға итермелегені үшін Ресейде бірнеше рет сотталған. Айыпталушылардың кінәсі айтылған сөздері және жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтары, қылмыстық істің материалдары, соның ішінде әртүрлі сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді.

 

Прокурор соттан сотталушы Ч.-ны өмір бойына бас бостандығынан айыруды, ал екі жасөспірімді 3 және 10 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұрады. Жинақталған қылмыстық сот ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

 

 

aikyn.kz




Көрілген: 1036    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.11.2020, 00:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31