Қылмыс

15 жастағы қызды өз әкесі де, өгей әкесі де зорлаған

  • https://www.bbc.com/

    https://www.bbc.com/

Алматыда ер адам 15 жастағы өз қызын зорлаған. Жасөспірім оқиғаны егжей-тегжейлі диктoфонға басып алып, қоғам белсенділерінен көмек сұраған. Тіпті, педофил-әке туған қызының бала туып бергенін қалаған екен деп хабарлайды kaz.nur.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

 

Телеарнаның мәліметінше, қыз бала бес жасында зорлық-зомбылық құрбаны болған. Оған туған әкесінен бөлек, өгей әкесі де тиіскен.

 

"Ол 5 жасында, сосын 9, 11 жасында зорланған. 5 жасында өгей әкесі қорлық көрсетсе, содан кейін өз әкесі зорлаған. Ол колледжге түскеннен кейін облыстан қалаға әкесіне келген. Бұған дейін ол әкесін білмеген, көрмеген", - деді "Немолчи KZ" қоғамдық қоры бақылау кеңесінің мүшесі Татьяна Король.

 

Анықталғандай, ер адам педофилия үшін сотталып шыққан. Бірақ түрмеде өткізген 10 жылы оны өзгертпеген. Түрмеден шыққан зорлықшы туған қызын зорлауға кіріскен.

 

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазір күдікті тергеу изоляторында отыр.

 

"Аталған факті Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды. Күдікті ұсталды, сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады", - деді Алматы полиция департаментінен.

 

Сонымен қатар, қоғамдық қор жантүршігерлік статистиканы келтірді.

 

Соңғы бес жылда елде кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық екі есеге көбейген. Өткен жылы 227 қылмыс жасалса, 2016 жылы 100 дерекке аз болған.

 

Бүгінде түзету мекемелерінде бір жарым мыңнан астам педофил жазасын өтеп жатыр.

 

 

 




Көрілген: 3537    Пікірлер: 0

жұма, 08.10.2021, 23:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31