Қылмыс

16 жастағы жасөспірімге белгісіз адам​ пышақ жарақатын салған

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Қызылорда облысында жасөспірім дене жарақатымен ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

2021 жылдың 8 сәуірінде жергілікті сағат 17:30 шамасында ​ Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөліміне​ жасөспірімнің дене​ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама түсті.

 

Анықталғандай, 16 жастағы аудан тұрғынына белгісіз адам​ пышақпен жарақат салған.

 

Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті 16 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

 

Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі арқылы 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағымен (Адам өлтіруге оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру​ амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды.​​ Оқиғаның​ орын алу себептері мен мән-жайлары анықталуда.

 

Полиция департаментінің ұйымдастыруымен ​ шұғыл кеңес өтті. Кеңеске әкімдік, білім беру өкілдері, “Жас Отан” жастар қанаты және​ басқа да​ мүдделі органдардың өкілдері шақырылды.

 

Шұғыл кеңесте кәмелет жасына толмағандар арасындағы​ құқық бұзушылықтың​ және қылмыстылықтың алдын алу​ бойынша бірлескен жедел іс-шараларды күшейту, сондай-ақ​ ата-аналардың бала тәрбиесіндегі​ ​ маңызды рөлі туралы талқыланды.

 

Өз кезегінде, Қызылорда облысы Полиция департаменті ата-аналарға балаларына аса мұқият болып, бақылауды күшейтуді сұрайды.

 

 

 




Көрілген: 256    Пікірлер: 0

сенбі, 10.04.2021, 13:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31