Қылмыс

19 жастағы студентті көлік үшін өлтірген күдіктілер ұсталды

  • 19 жастағы студентті көлік үшін өлтірген күдіктілер ұсталды

    19 жастағы студентті көлік үшін өлтірген күдіктілер ұсталды

Ақмола облысында такси жүргізушісін өлтірді деген екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Еске салайық, сейсенбі, 4 мамырда Бурабай ауданындағы полиция басқармасының кезекші бөліміне 45 жастағы тұрғыннан хабар түскен. Ол 3 мамырда шамамен сағат 21.00-де 19 жастағы ұлы жоғалып кеткенін айтқан. Жәбірленушінің анасы ұлы қара түсті "Мерседес-180" автокөлігімен үйден шығып, жоғалып кеткенін хабарлаған.   
 
Бұл дерек бойынша, жедел қызмет өкілдерінің жеке құрамы жасақталып, жоғалған автокөлік іздеу жұмыстары кезінде Щучинскідегі жергілікті үйлердің бірінен табылған.  

Полицейлердің мәліметінше, бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Бурабай ауданының полиция бөлімі облыстық Полиция департаментімен бірлесіп 20 және 22 жастағы күдіктілерді ұстады. Олар жасаған ісін мойындап, қылмыс қай жерде болғанын және марқұмның денесін қайда жасырғандарын айтты.  

Марқұм бос уақытында такси қызметінде жұмыс істеген, күдіктілер жүргізушіні "Индрайвер" қосымшасы арқылы шақырған. 




Көрілген: 340    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 11:04

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30