Қылмыс

1999 жылдан бері дүние жүзі бойынша іздеуде болған қазақстандық қылмыскер ұсталды

  • 1999 жылдан бері дүние жүзі бойынша іздеуде болған қазақстандық қылмыскер ұсталды

    1999 жылдан бері дүние жүзі бойынша іздеуде болған қазақстандық қылмыскер ұсталды

Солтүстік Қазақстанның тумасы Николай Павлюк Грузияда 21 жыл бойы жасырынып жүрген, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

Ер адамды Интерпол және Ресей ІІМ колониядан қашып кеткеннен кейін іздеген. Павлюк осы уақыт аралығында бірнеше елде болған, тіпті Солтүстік Қазақстанда басқа біреудің атымен өмір сүргені белгілі болды.

 
Павлюк 1974 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылында туған. Есейген кезінде Ресейге кетіп қалған. 90-жылдары ер адам қылмыс әлеміне тап болған. 

20 жасында Николай қарақшы болған және 1994 жылы тонау ісіне қатысқан. Серіктестерімен бірге Павлюк Ростов тұрғындарының бірінің пәтеріне басып кіріп, олардан 100 миллион рубль, жазғы коттедж және КамАЗ көлігін талап еткен. Ер адамды ұрып-соғып, теледидар, магнитофон, зергерлік бұйымдар, қымбат әтір, аяқ киім мен киім ұрлап кеткен.

Павлюк 1995 жылы сотты болған. Ер адам сегіз жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 1999 жылдың шілдесінде Павлюк Краснодар өлкесіндегі Хадыженск қаласындағы ИК-9 клониясынан екі сыбайласымен бірге қашып кеткен. Кейбір дерек бойынша, қылмыскерлер 300 мың доллар алып кеткен. 

Алты айдан кейін екі қашқын Адыгеяда ұсталғанымен қылмыскерлер жасақты атып тастаған. 

Үшінші қашып кеткен қылмыскер - Николай Павлюк әлі де іздеуде болған. Қашқаннан кейін ер адам бірден Ресей аумағынан шығып кеткен. 

Ол Эстонияда жалған төлқұжатпен өмір сүрген. Ал 2004 жылы ел Еуропалық Одақтың құрамына кірген кезде ол Германиядағы анасына кетіп қалған. Осы уақытқа дейін оны Интерпол іздеп, ал Германияда көлік полициясы ұстады. Бір таңғаларлығы, Олденбург қаласынан неміс полицейлері ұстаған қылмыскер Ресейге берілмеген, себебі Германия заңдары бойынша түрмеден қашу қылмыстық жаза емес екен. Ол ұсталғаннан бір күн өткен соң босатылған.

Ал 2010 жылы Павлюк Михаил Иванович Уткевичтің атына Қазақстан азаматының жалған төлқұжатын рәсімдеп алған. Осы төлқұжатпен ер адам біраз уақыт Петропавлда тұрды.

Осыдан кейін Уткевич-Павлюк үйленіп, ұлды болған. Бірнеше жылдан кейін ерлі-зайыпты ажырасып, қазақстандық әйелі Павлюк-Уткевичтен алимент өндіріп алу үшін сотқа жүгінген.

Осы уақытта бескөлдік қылмыскер Грузияға көшіп, онда бес жылға жуық жасырынып жүреді. Павлюк қашқаннан 21 жыл өткен соң, ФҚҚ (ФСБ) қызметкерлері оны анықтап, Грузия полициясы ер адамды ұстады. Қазір оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

"Заң бойынша, Николай Павлюк 1995 жылы сот тағайындаған мерзімге қамалуы керек. Сондай-ақ, оған қашқаны үшін, жалған құжаттар жасағаны үшін және тағы басқасы үшін жаңа сот отырысы өтеді", - делінген мақалада.

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 1305    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.02.2021, 09:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30