Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"2 млн теңге": Жамбыл облысында адамдардан ақша бопсалағандар ұсталды

20 желтоқсан 2022, 17:05

Жамбыл облысында адамдарды бопсалаумен, ақша жинаумен айналысып келген топ мүшелері ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Аikyn.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

Қарақшы топ құрбандарын қорқытып, апта сайын ақша жинап отырған. Топтың екі мүшесі бопсалау арқылы кезекті рет ақша алып жатқан жерінде қолға түсті.

 

«Тараз қаласының Полиция басқармасына бопсалау туралы облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны шағымданды. Ол өзін бөтен адамдардың қорқытып, апта сайын тың ақпаратты жарияламас үшін 300 мың теңге көлемінде ақша бопсалап алып тұратынын хабарлады. Жәбірленушіден барлығы 2 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен», – деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.

 

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Топ мүшелері арызданушыдан кезекті рет 200 мың теңге көлемінде қаражатты алу кезінде ұсталды. Олар 28 және 29 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты.

 

«Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігімен (Бопсалау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұсталғандар кінәларын толық мойындады. 29 жастағы күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оның серіктесіне қатысты «ешқайда кетпеу туралы» бұлтартпау шарасы қолданылды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Бопсалаумен айналысқан топ мүшелерінің бұрын да түрлі қылмыс жасап, сотталып шыққан адамдар екені анықталды. Қазір  барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.