Қылмыс

20 жастағы қызды алдап, жыныстық құлдыққа сатқан

  • https://www.dw.com/

    https://www.dw.com/

Павлодарда жас қызды жезөкшелікке сатқан ер адам ұсталды. Жедел уәкілдер Шөкин көшесіндегі пәтерді тексеріп, жеңгетайлықпен айналысқан азаматтың қолына кісен салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ол 20 жастағы қызды жыныстық қызмет көрсету үшін ақшаға сатқан.

 

«Қазіргі уақытта 35 жастағы ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, құрбысын жезөкшелікпен айналысуға алдап тартқан 28 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын ұсталды. Аталған факті бойынша сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Екібастұз қаласында полицейлер жезөкшелікпен айналысу үшін пәтер ұсынған әйелді анықтады. 47 жастағы пәтер иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды, - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

 

Павлодарлық жедел уәкілдер «STOP-трафик» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды.

 

Жезөкшелікпен айналысуға тарту, жеңгетайлық, жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жайлар ұсыну фактілері анықталды, сонымен қатар, лас қызметтер көрсеткені үшін 18 адам ұсталды.

 

«Көбінесе мұндай қызмет көрсету саласына қолайсыз отбасылардан шыққан қыздар кіреді. Сутенерлар оларға ақша табу үшін бір-екі күнге пәтер, қымбат киім, косметика және ақша береді. Содан соң, лас қызмет көрсету арқылы «әдемі өмір» табуды ұсынады. Бұған келіскен әйелдер байқаусызда құлдыққа түсіп, кенеттен «иесіне жұмыс істеуге» міндетті «борышкер» болады. Ең қауіптісі, иелері мұндай әйелдерді есірткіге отырғыза алады, — дейді полиция қызметкерлері.

 

Тәртіп сақшылары мұндай жағдайларда полицияға дереу хабарлауыңыз керек екенін еске салады.

 

 

 

 




Көрілген: 1600    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.10.2021, 14:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31