Қылмыс

2016 жылы Іле ауданында жас әйелді өлтірген күдікті ұсталды

  • © pennwatch.org

    © pennwatch.org

Кісі өлтіру дерегі 2016 жылдың қазан айында Іле ауданында орын алған. Жеке үйлердің бірінде айуандықпен өлтіру белгілері бар жас әйелдің мәйіті табылған. Дерек бойынша жүргізілген сараптамалардың қорытындысына сәйкес, жәбірленуші пышақ жарақатынан қайтыс болған, деп хабарлайды kaz.zakon.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның қылмысқа қатысы барын анықталы. Оқиға орнынан бой тасалаған күдіктіге 2017 жылғы ақпанда мемлекетаралық іздеу жарияланды.

 

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің мекенжайын анықтады. Кеше кешкісін жедел уәкілдер оны Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінен құрықтады. Қазіргі уақытта іздеудегі күдікті Іле аудандық полициясына жеткізіліп, қамауға алынды", - деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

 

Тәртіп сақшылары таратқан ақпаратқа сәйкес, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу Іле ауданы полицейлерінің өндірісінде одан әрі жалғасады және облыстық Полиция департаменті өз бақылауына алды.

 




Көрілген: 211    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.02.2020, 12:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30