Қылмыс

23 жыл бұрын Көкшетауда екі әйелді өлтіріп, іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

  • 23 жыл бұрын Көкшетауда екі әйелді өлтіріп, іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

    23 жыл бұрын Көкшетауда екі әйелді өлтіріп, іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Ақмола облысының полиция қызметкерлері ресейлік әріптестерімен бірлесіп, 1997 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 1997 жылдың 30 маусымында сағат 21:00 шамасында 50 жастағы ер адам Көкшетау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде екі әйелге пышақ салған. Әйлдердің бірі сол жерде жан тәсілім етсе, екіншісі сол жылдың 7 шілдесіде Көкшетаудағы облыстық аурухананың жансақтау бөлімшесінде көз жұмды. Ал, осы қылмысқа күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынып, оның бойтасалап жүрген жері белгісіз болып қала берді.

«Қылмыстың ауыр екені ескеріліп, тәртіп сақшылары оған халықаралық іздеу жариялады. Ол туралы мәліметтер көрші елдің тәртіп сақшыларына жолданды», - дейді ведомстводан.

Арада 23 жыл өткен соң 2020 жылғы желтоқсанның 12-де іздеуде жүрген қылмыскерді Ресейдің Қорған облысы бойынша «Каргопольский» УМВД қызметкерлері Журавлева селосында жасырынып жүрген жерінен ұстады. Белгілі болғандай, ер адам ол жақта отбасын құрып, екі балалы болған.

«ҚР ҚК 99 бабының 2 бөлігі (ҚазССР ҚК 88 бабының 1 бөлігі З бөлімшесі бойынша «адам өлтіру») бойынша қылмыс жасаған ер адам Қорған облысы бойынша «Каргопольский» УМВД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қазіргі кезде, оны елге қайтару мәселесі қарастырылуда», - деп толықтырды ведомстводан.




Көрілген: 387    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.12.2020, 08:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31