Қылмыс

25 мың теңгелік телефон ұрлаған атыраулық екі жылға сотталды

  • https://magnitico.com/

    https://magnitico.com/

Атырауда телефон ұрлаған ер адамның бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 37 жастағы ер адам танысының «NOKIA» маркалы телефонын ұрлаған.

 

«Жәбірленуші Махамбет аудандық полиция бөліміне арызданып, құны 25 мың теңге тұратын «NOKIA» маркалы телефонын біреу ұрлап кеткенін айтқан. Соңғы рет үйінде 37 жастағы танысы қонақта болыпты. Олар бірге ішімдік ішіп, артынша жәбірленуші ұйықтап қалған. Ал, күдікті азамат «ұялы телефонды ойнап алып кеттім» деп ақталып, келесі күні полиция қызметкерлері арқылы телефонды қайтарып берген. Тексеру кезінде күдіктінің бұрын да сотты болғаны анықталды. Сотталушының кінәсі сот тергеуінде зерттелген іс материалдарымен дәлелденді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

 

Күдікті ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) кінәлі деп танылып, оған түпкілікті екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 20 жастағы алаяқ үш жыл бойы мәжбүрлі еңбекке тартылатынын жазған болатынбыз.

 

 

 




Көрілген: 430    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.06.2021, 08:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31