Қылмыс

3 жасар қызын зорлап өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

3 жасар қызын зорлап, артынан пышақтап өлтірген ер адам өмір бойы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».


Бүгін Түркістан облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты 41 жастағы қылмыскерге осындай үкім шығарды.


Жантүршігерлік оқиға өткен жылдың күзінде Ордабасы ауданының Боржар округындағы жазғы жайлауда болған.


Күдікті фермердің малын бағып, әйелі және үш жасар қызымен бірге сол жердегі шағын үйде тұрған. Әйелі қонаққа кетіп, 6 қазанға қараған түні қылмыскер кішкентай қызы екеуі үйінде қалған. Жалғыз өзі бір жарым литр спиртті ішіп тауысқан соң, кішкентай қызына қорлық көрсеткен.


Сотта тергеуінде анықталғандай, қатыгез әке алдымен қызын зорлап, артынан 38 рет пышақтап өлтірген. Сотта ер адам қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп танылды.


Дәурен Мадалиев, облыстық қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотының судьясы:


– Аталған тұлға 99-бабы екінші бөлігі, 3-5-14 тармақтарымен кінәлі деп танылды. 120-бабы 4-бөлігі, 121 бабы 4-бөлімімен кінәлі деп танылды. Сот тергеуінде анықталғандай, 3,5 жасар қыздың денесіне, 38 рет жарақат салған. Өлтірердің алдында осындай әрекеттер жасаған. Соның бәрін таразыға салып, сот аталған тұлғаны өмір бойы бас бостандығына айыруды жөн деп тапты.




 




Көрілген: 872    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.08.2019, 18:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30