Қылмыс

30 адамды алдаған алаяқ әйел ұсталды

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Түркістан облысының полицейлері жұмысқа орналастырамын деп, 30-ға тарта тұрғынды алдаған алаяқ әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Мақтаарал аудандық полиция бөлімшесіне бірнеше жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушілердің бірін жақсы таныс емес әйел сеніміне кіріп, кез келген мектепке жұмысқа орналастырып беремін деп алдаған. Алаяққа сенген тұрғын ұлы мен күйеубаласын жұмысқа тұрғызу үшін әйелге 1,5 миллион теңгеге жуық ақшасын беріп, жер сипап қалған.

 

Қалған арызданушылардың басым бөлігінің айтуынша, алаяқ әйел “Мен мүгедек балаларды оңалту орталығын ашайын деп едім. Соған медбике, тәрбиеші, әлеуметтік қызметкер, техникалық қызметкер етіп жұмысқа қабылдаймын, әр жұмысқа тұрудың өзіндік бағалары бар” екенін айтып, біреуінен 500 000, келесісінен 600 000, кейбірінен 350 000 теңге алып отырған.

 

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Аудандық тәжірибелі полицейлерден жедел тергеу тобы құрылып, тұрғындарды арбауына түсірген алаяқ әйелді ұстауға қажетті шаралар жасалды.

 

Куәгерлерден жауап алу барысында, жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, бес күн ішінде ұсталды. Ол Мақтаарал ауданында туылып, 15 жыл алдын Шымкент қаласына көшіп кеткен егде жастағы әйел болып шықты. Өз кінәсін толық мойындады.

 

Тергеу барысында анықталғандай, ол осылай алаяқтық жолмен 30-ға жуық тұрғынды алдаған. Жәбірленушінің барлығына келтірілген шығын көлемі 13 000 000-нан астам теңгені құрады.

 

Күдікті кепілмен босатылды.

 

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға алаяқтардан барынша сақ болуды ескертеді. Кез келген ұсынысты қабыл алмай, толық тексеріп алыңыз деп кеңес береді. Жұмысқа тұруға ақша бергенде, алғанда заңға қайшы екенін атап өтті.

 




Көрілген: 587    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.04.2020, 09:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30