30 жасар келіншек азаматтық некедегі 29 жасар күйеуін пышақтап тастады
10 ақпан күні түнде Жылыой ауданы Құлсары қаласында кісі өлімі болды - өзара жанжалдан кейін 30 жасар келіншек азаматтық некедегі 29 жасар жігітке пышақ сұғып алған. Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды деп хабарлайды azh.kz.
 
Бейресми ақпарат бойынша екеуі алдымен ішімдік ішіп, жарасып отырған. Кейін неге екені белгісіз өзара келіспей қалған. Ақыры осындай қайғылы жағдаймен аяқталды.
 
Келіншек қамауға алынып, тергеп-тексеру амалдары жүруде.