Жамбыл облысында 5 цистерна АИ-92 маркалы бензинді Қырғыз Республикасына экспорттамақ болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аstanatv.kz-ке сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, құжаттарда бұл басқа өнім, яғни лак кетіретін еріткіш деп көрсетілген. Тәркіленген жанаржағармайдың құны - шамамен 60 миллион теңге.
Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жанаржағармайдың шығу көздері мен оның айналымына қатысы бар тұлғалар анықталуда.
Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
– Жыл басынан бері қаржылық мониторинг агенттігі 4 миллиард теңгеге жалпы көлемдегі 20 мың тонна мұнай өнімдерін заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғады.