Қылмыс

5 және 8 жастағы қыздарды зороамақ болған күдікті құрықталды

  • https://perm.mk.ru/

    https://perm.mk.ru/

Шымкентте екі кәмелетке толмаған қызға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

11 маусымда полицияға белгісіз адам жасөспірім қыздарды зорламақ болғаны туралы ақпарат түскен.

 

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігімен “Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ол қылмыстың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жиырма жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды не өмір бойына басбостандығынан айыруды көздейді.

 

Сол күні полиция қызметкерлері 5 жастағы және 8 жастағы жасөспірім қыздарға қатысты жасалған қылмысты ашу үшін Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлерінен құралған арнайы жедел-тергеу тобын құрды. Күдіктінің жүрген жерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп, қылмыс орын алған аудандағы тұрғын үйлерді тексерді.

 

Жедел-тергеу тобының жедел іс-қимылының, сондай-ақ азаматтар көмегінің арқасында аталған қылмыстарды жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 1988 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты.

 

Бұрын сотталмаған, жұмыссыз, үйленбеген. Ұсталған адам өз қылмысын мойындады. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

 

Айта кету керек, екі жайт та бір күні, әртүрлі жерлерде және әртүрлі уақытта жасалды. Күдікті ата-анасының бақылауынсыз жүргенін пайдаланып, кәмелетке толмаған жасөспірімдерді түрлі сендіру сөздермен көндіріп, таса жерлерге алып кеткен.

 




Көрілген: 529    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.06.2020, 18:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31