Қылмыс

5 млн теңге пара алмақ болған мемлекеттік мекеме директоры ұсталды (видео)

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің «Селденқорғау Құрылыс» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры пара алуға әрекеттенгені үшін қамауға алынды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.


Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Селденқорғау Құрылыс» РМК директорына қатысты пара алу әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол компания басшысынан республикалық маңыздағы автомобиль жолының бойында жер теліміне орналастыру бойынша көрсетілген қызмет туралы анықтама бергені үшін 5 млн теңге көлемінде пара алмақ болған деген күдікке ілініп отыр.


«Күдікті ұсталып, Алматы қаласының полиция департаментіне қарасты уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның кінәсіне қатысты түбегейлі үкімді сот шығарады» делінген агенттіктің ақпаратында.




 




Көрілген: 1223    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.09.2019, 17:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30