Қылмыс

6 жасар Елизавета Пылаеваның өліміне қатысты қылмыстық тергеу ісі әлі де жалғасуда

  • https://almaty.tv/

    https://almaty.tv/

Осыдан тура бір жыл бұрын жұмбақ жағдайда қаза тапқан 6 жасар Елизавета Пылаеваға қатысты қылмыстық тергеу ісі әлі де жалғасуда, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

 

2019 жылдың 12-мамырында жан-жақты қоршалған, бақылау камераларымен қамтамасыз етілген жекеменшік үйде орын алған қылмыстық істе тіпті күдіктілер де анықталмапты. Сұрақ көп, бірақ бір де бір қанағаттанарлық жауап жоқ дейді марқұм қыздың әжесі. Енді Елизаветаның туыстары мен қоғам белсенділері бұл істі қоғамдық бақылауға алуды сұрайды.

 

«Мен Ішкі істер министрлігі мен бас прокуратураға осы іске назар аударуын сұраймын! Егер қалалық Полиция департаментінде бұл қылмыстық тергеу амалдары тығырыққа тірелген болса, шешім болмаса, біз ведомствоаралық комиссия құруылуын талап етеміз. Оның құрамында міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталықтың, Ішкі істер миниистрлігінен құзырлы, жоғары санатты қызметкерлер болуын сұраймыз. Біз Лизаның қазасы туралы шындықты білгіміз келеді»,– деді марқұм Елизавета Пылаеваныі әжесі Алла ПЫЛАЕВА.

 

Еске сала кетсек, қаза болған Елизаветаның әкесі Медеу ауданының тұрғыны Александр Пылаев былтыр 9 мамырда қызын бұрынғы әйеліне қонаққа жіберген. 3 күннен кейін әкесіне қыздың белгісіз жағдайда көз жұмғаны белгілі болған. Ал, қылмыс болған уақытта жеке үйде барлығы 6 ересек туысы мен 14 жасар жеткіншек болған. Конференцияға жиылған Елизаветаның әкесі мен әжесі Алла Пылаева бір жылдық тергеуден нәтиже болмағанына көңілі толмай, барлық құзырлы органдардың тиісті деңгейде істі тергеуге ат салысуы мен көпшіліктің қолдауын сұрап отыр. Ал, баспасөз отырысына келмеген анасының жағдайы қазір ауыр дейді қорғаушысы.

 

«Анасы баласын жоғалтса, бұл өте ауыр қайғы және ол жүректе жазылмайтын жара. Лизаның анасы әлі де өте ауыр психологиялық күйде. Ол үнемі үйден шықпайды. Әрине, біздің тарапқа «Рыжаковтар отбасының тарапынан тергеу амалдарына қандай да бір әсер болды» деген жалған айыптаулар да болды. Бұл дұрыс емес. Өйткені Рыжаковтар әулеті де шындықтың беті ашылғанын қалайды»,– деді Марина Рыжакованың қорғаушысы Избулам АВУДОВ. 




Көрілген: 575    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.05.2020, 18:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31