61 жастағы еркек қызғаныштан 28 жастағы сүйіктісін өлтірген

22 қазан 2021, 18:25

Павлодар облысының қарт тұрғыны жас әйелді өлтірді, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Қайғылы оқиға маусым айында Успен ауданында болған.

 

28 жастағы қайтыс болған қыздың 61 жастағы ауыл тұрғынымен біраз уақыт қарым-қатынаста болғаны белгілі болды. Алайда ер адам үнемі жанжал шығарып, қол көтергендіктен олар бірге өмір сүре алмады. Қыз ақыры сүйіктісінен кетуді шешті. Басқа баратын жері болмаған соң, ол өзінің жалғыз тұратын танысының қасына барған. Көп ұзамай танысына қонаққа Павлодардан досы келді. Қонақ жігіт пен қыздың арасында сезім пайда болып, олар қалаға бірге оралуды шешті, - деп атап өтті полиция.

 

Бұл туралы біліп қойған 61 жастағы тұрғын қызға келіп, өзіне қайта оралуын сұрайды. Қыздың бас тартқанына көне алмаған ол қызға бірнеше жерден пышақ салды, - деді ДП.

 

Үй иесі барлық оқиғаны көзімен көрген және қылмыскерді ұстауға тырысқан, бірақ ұстай алмаған.

 

Үй иесі дереу жедел жәрдем шақырып, полицияға қоңырау шалды. Өкінішке қарай, қыз жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. Ал полиция қызметкелері қысқа уақыт ішінде күдіктіні ұстады, деп қорытындылады баспасөз қызметі.

 

Ер адам 12 жылға бас бостандығынан айырылды.