Қылмыс

7 жыл іздеуде болған қазақстандық Ресейден табылды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

7 жыл іздеуде болған солтүстікқазақстандық Ресейден табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Солтүтік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 54 жастағы әйелге 2014 жылдан бері іздеу жарияланған. Оның бір банкке 2 млн теңгеден астам қарызы болған.

 

Көші-қон қызметінің қызметкерлері шекаралас өңірдегі сот приставтарына іздестіру тапсырмаларын жіберген.

 

Бірлескен іздеу жұмысы нәтижесінде әйелдің жүрген жері анықталды. Борышкер Омбы қаласынан табылды.

 

Қарызды өндіріп алу бойынша шара қабылдау үшін барлық мәліметтер уәкілетті органдарға тапсырылды.

 

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөліміне аудан тұрғынына 500 мыңнан теңгеден астам қаражат қарыз болған 42 жастағы ер адамды іздестіру туралы сот орындаушысының қаулысы келіп түсті. Іздеудегінің Ресей аумағында жүргені анықталғаннан кейін оған халықаралық іздеу жарияланып, шетелдің құзыретті органдарына сұрау салынды.

 

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде ер адамның Тольятти қаласында жүргені белгілі болды.

 

Тағы бір борышкерді полицейлер Түмен қаласынан іздеп тапты.

 

 




Көрілген: 403    Пікірлер: 0

сенбі, 10.07.2021, 08:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30