Қылмыс

76 жастағы кейуананы тонаған екі әйел ұсталды - СҚО

  • 76 жастағы кейуананы тонаған екі әйел ұсталды - СҚО

    76 жастағы кейуананы тонаған екі әйел ұсталды - СҚО

Солтүстік Қазақстан облысында екі алаяқ әйел 76 жастағы кейуананы алдап, үйінен ақшасы мен алтын бұйымдарын алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Покровка елді мекенінің 76 жастағы тұрғыны өзін тонап кеткендігі жайында полицияға арызданған. Зейнеткердің айтуынша, үйіне бейтаныс әйел келіп, өзін мемлекеттік қызметшімін деп таныстырған, әңгімеге тартқан. Екеуі сөйлесіп жатқанда аула сыртындағы есіктен үйге екіншісі кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 580 мың теңгеден асады.

 

«Ұрлық жасады деген күдікпен сол күні екі әйел ұсталды. Олар мінген көлікті көрші Жамбыл ауданында тәртіп сақшылары тоқтатты. Әйелдердің біреуі Мамлютка қаласының 42 жастағы тұрғыны. Екіншісі Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының 48 жастағы тұрғыны, бұрын сотталған екен. Тексеру барысында олардан ұрланған алтын бұйымдар мен ақша табылып, алынды», - дейді Мамлют аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жеңіс Темірбеков.

 

Аталған факті «Ұрлық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу жүргізілуде. Қазір күдіктілерді қамауға алу мәселесі шешіліп жатыр.




Көрілген: 308    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.07.2020, 08:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30