Қылмыс

78 жастағы анасына әдепсіз сөйлеген ұлы 10 тәулікке қамалды

  • 78 жастағы анасына әдепсіз сөйлеген ұлы 10 тәулікке қамалды

    78 жастағы анасына әдепсіз сөйлеген ұлы 10 тәулікке қамалды

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері ІІО есебінде тұрған, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген, спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексереді.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, отбасылық-тұрмыстық қылмыстардың алдын алу үшін тексерістер жүргізіледі.

"Тексеру кезінде учаскелік инспекторға қарт ана 56 жастағы ұлының мас күйінде үйге келіп, егде жастағы анасымен қақтығысып, әдепсіз сөйлеп, психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткені туралы жүгінді", - делінген хабарламада.


Бұған дейін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 жыл мерзімге мінез-құлыққа ерекше талап қойылған тұлға ретінде есепте тұрған. Бірақ ол әлі түзелмеген.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, елордалық полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 19-23 шілде аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізеді.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері тәртіп сақшылары 2 500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, 350-ден астамы спирттік ішімдіктер ішкені үшін, 220-ға жуық ұсақ бұзақылық және 230-ға жуық тыныштықты бұзу фактілері тіркелді.

Baq.kz




Көрілген: 656    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.07.2021, 13:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30