Қылмыс

9 млн теңгесін қаржы пирамидасына салып жіберген

  • http://kzl.prokuror.gov.kz/

    http://kzl.prokuror.gov.kz/

“Қаржылық пирамида” құрған азаматшаны қарағандылық тәртіп сақшылары ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

16 қыркүйек күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына 27 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті.

 

Азамат өз арызында бизнеспен айналыспақ болып, 2019 жылдың тамыз айында қомақты қаражат табуға көмектесемін деп уәде берген бір фирманың басшына жолыққанын айтқан. Тиісінше бірден “байлыққа белшеден батырамын” дегеніне сенген жәбірленуші ол фирмаға үстеме ақы табу мақсатында тоғыз миллион теңге қаржы құйған.

 

Алайда, арада жыл өткенде не үстеме ақы, не өзінің салған тоғыз миллион теңгесін ала алмаған жәбірленуші “қаржы пирамидасының” арбауына түскенін сезіп, полицияға арызданған.

 

27 жастағы жәбірленуші жалған фирманың басшысы 51,58 жастағы азаматшалар мен 24 жастағы азамат екенін айтқан.

 

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген тиісті іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 58 жастағы күдікті азаматша ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді.

 

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері басқада күдіктілерді іздестіруде.

 




Көрілген: 363    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.09.2020, 15:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31