Қылмыс

"90-шы жылдардағыдай": Павлодарда аулада атыс болды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Павлодарлық әлеуметтік желілерде тұрғын үйдің подъезі алдында қолында мылтығы бар ер адамның жүгіріп жүрген видеосы кеңінен тарап жатыр, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

 

Бейне t.me/tipavloshock Telegram арнасында жарияланды.

 

Тұрғын үйдің подъезі алдында бір ер адам темекі шегіп тұр. Оның қасына қара Мерседес көлігі келіп тоқтайды. Ішінен шыққан адам көліктің артқы жүк салғышынан мылтыққа ұқсас затты алып шығады, осы кезде темекісін шегіп тұрған адам тұра қашады. Көліктен тағы екеу түседі, олардың бірі подъезд жаққа қарай беттейді. Содан кейін көлік екі метрдей алшақтау жерге барып тұрады. Бірнеше секундтан кейін подъезге кіріп кеткен екеу тапырақтап тез көлікке мініп, бәрі кетіп қалды.

 

Видео сыртындағы дауыс: "Бітті, атып кетті. Тура 90-шы жылдардағыдай...", - дейді.

 

ВИДЕО: www.youtube.com/watch

 

Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі, яғни "Бұзақылық бойынша" сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

 

Осы фактіге қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында тергеу шаралары жүргізілуде.

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейді.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/p/B-tthmMhbP1/

 




Көрілген: 2557    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.04.2020, 13:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31