Қылмыс

BI Group құрылыс алаңында жұмысшы қызды екі сағат зорлаған

  • https://www.uzreport.news/

    https://www.uzreport.news/

BI Group компаниясының құрылыс нысаны аумағында жұмысшы қызды зорлаған бригадирге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "НеМолчиKz" қоғамдық қорына сілтеме жасап.

 

Қордың қамқоршылық кеңесінің мүшесі Татьяна Корольдің айтуынша, сот шешімімен бригадир бес жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыскер қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түрмеде жазасын өтейді. 

 

"Прокурор да біз секілді жеті жыл сұрады. Бұл бап бойынша әрі кетсе, 8 жыл береді. Бүгін сот оны бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды", - дейді Король.

 

Оның айтуынша, жұмысшы қызды зорлаған бригадир бұған дейін істі болмаған. Оған қоса, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар. Сол себепті сот бес жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарған.

 

Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 120-бабы ("Зорлау") бойынша қылмыстың ауырлығына қарай 5-20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Қылмыстың мән-жайы

 

Биыл 30 наурызда BI Group компаниясы салып жатқан құрылыс нысанының аумағында әйелдің зорланғаны туралы ақпарат жарияланды. Бригадир жұмысшы әйелді екі сағат бойы ұрып-соғып зорлаған.

 

Қыз қосалқы мердігерде жұмыс істеген. Лифтші әрі кілтші болған оған бояу тарату міндеті де кірген. Ал басқа қосалқы мердігерлік ұйым "BigBro Group" ЖШС-ның сырлаушылар бригадирі одан бояу алуға үнемі келіп тұрған. Тиіскен кездері де болыпты. Бірақ қыз жігіті бар екенін айтып, артық әңгімеден аулақ болуға тырысқан.

 

21 наурызда сағат 20.00 шамасында ер адам қызды жаңа жұмыс орны бар екенін айтып шақырады. Әңгімені ешкім естімеу үшін қосалқы бөлмеге кіруін сұрайды. Сол жерде жаңа жұмыс туралы айта бастайды. Қыз ойланамын дейді. Осы уақытта оған кіреберісте күтіп тұрған жігіті қоңырау шалады. Қыз қазір шығатынын айтып, есікке қарай жүреді. Дәл сол кезде бригадир тап беріп, тұншықтыра бастайды. Қызға айқайлап, артқа жол жоқ екенін айтады. Оны басынан, бетінен ұрып, пышақпен қорқытады. Ал қыздың жігіті қайта қоңырау соғады. Алайда күдікті қызды телефонын өшіруге мәжбүрлеп, зорлайды.

 

"Бұдан кейін ол қызға сыра ішкізіп, қорқытуын жалғастырады, ұрып-соғып, оған мойынсұнуын талап етеді. Бұл шамамен 21.30 дейін созылады. Ер адам екінші мәрте жыныстық қатынасқа түскісі келеді. Қыз жылап ең болмағанда музыка қосуды сұрайды. Ол жыламауға уәде беріп, телефонды алады. Осы уақыт аралығында ол түнгі ауысыммен жұмыс істейтін әріптесіне зорланып жатқаны туралы хабарлама жіберіп үлгереді", - дейді "НеМолчиKz" қорының өкілдері.

 

 

Әріптесі қызды күзетшілердің көмегімен тауып, полиция шақырады. Күдікті қамауға алынады. Алайда үш күннен кейін ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылады. Ал "Миленбаев" жеке кәсіпкерлігінің басшысы қызға қысым жасап, арызын қайтарып алуы үшін ақша ұсынады.

 

Наурыздан кейін қыз өзінің жұмыстан шығарылғанын, оның орнына басқа адамды шақырып қойғанын біледі.

 

 

 

 




Көрілген: 3335    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.10.2021, 18:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31