Қылмыс

Bek Air ісі: Решет Қалибектің үстінен қылмыстық іс қозғалды

  • https://azattyq-ruhy.kz/

    https://azattyq-ruhy.kz/

Алматы облысында үйінің үстіне Bek Air әуе компаниясының ұшағы құлады деп танылған Решет Қалибекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алматы облысы Талғар ауданының ішкі істер басқармасы ҚР ҚК 279 бабы бойынша құрылыстың иесінің үстінен тергеу бастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 

Бұл туралы басылымға заңгер Сергей Державец мәлімдеді. Ұшақ құлаған үйдің иесіне қатысты Талғар ауданының полициясы  аудандық прокуратураның қолдауымен ҚР ҚК 279 бабы, яғни «сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын бұзу» бойынша іс қозғаған. Бұл норма негізінде  күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл ақпаратты Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек растады.

 

Бұған дейін Решет Қалибекті Bek Air компаниясының заңгерлері үш рет сотқа берген болатын. Әуе компаниясы құрылысты заңсыз деп тану туралы қайта-қайта шағымданған. Алайда Талғар аудандық соты да, аппелияциялық шағымды қараған Алматы облыстық соты да  Bek Air өкілдерінің талап арызын қанағаттандырған жоқ. Решет Қалибектің қорғаушысы сот істі Bek Air-дің пайдасына шешкенде, Решет Қалибек жауапқа тартылуы мүмкін еді. Себебі, Антикор оны «Жерді қалай алдың?» деген сұрақтың астына алып, күдіктіге айналуы мүмкін болатын.  Қазір ол тергеуде тек куәгер, деген заңгер Жәнібек Башанов.

 

Azattyq Rýhy тілшісіне Решет Қалибектің өзі үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы журналистерден естігенін айтты. Бірақ құзырлы органдардан өзіне ешқандай құлақтандырудың келмегенін және полицияға да шақыртпағанын айтады.

 

Заңгер Сергей Державец- Fokker-100 ұшағының екінші пилоты, марқұм Марат Мұратбаевтың жары Айтгүл Мұратбаеваның заңды өкілі.

 

Алматы облысы Талғар аудандық сотында Алматы халықаралық әуежайының маңындағы Гүлдала ауылдық округінде жер телімдерін заңсыз сатты деген топқа қатысты сот үкімін шығарды. Сотталғандар қатарында Талғар ауданының жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бірнеше маманы, жер-кадастр бөлімінің бұрынғы басшылары бар.

 

Айта кетейік, 2019 жылы 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Қайғылы жағдайдан 12 адам қаза болып, 49 адам ауруханаға жеткізілді. Ал әуе компаниясының қызметі тоқтатылып, лицензиясы кері қайтарылды.

 

 

 




Көрілген: 580    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 12:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31