Қылмыс

«Haileybury Astana» мектебінің экс-директоры педофилия бойынша айыпталды

  • фото: kokshetau.asia

    фото: kokshetau.asia

Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан кіл мықтылардың балалары оқитын Haileybury Astana мектебінің экс-директоры педофилия жасағаны үшін айыпталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мұғалімдік мансаптағы 59 жастағы Джонатан Ульмер отбасылы азамат. Ұлыбыританияда оның атынан қылмыстық іс қозғалған. Ол Haileybury Astana мектебінің директоры болған. Бұл туралы ақпарат @jexennews телеграмм каналында жарияланды.

Дереккөзіне сүйенсек,ол кішкентай баланы өзінің пәтеріне жетелеп апарып, оның алдында мастурбация жасап, оның жыныс мүшесіне қол тигізуін сұраған.

Мұғалімнің азғындық әрекеті Саухенд-теңіздегі Сесил Джонс орта мектебінде болған. Джонатан сол мектепте 1989-2002 жылдары аралығында жұмыс істеген. Жыныстық азғындық бойынша зәбір көрген бала оның тіпті, өзімен бірге массаж жасау үшін арнайы жақпамай әкелгенін айтты.

Осы ақпаратқа сәйкес, тергеу комиссиясы құрылып, аталған фактілерді және кәсіби міндет барысында жол берілмейтін мінез-құлық әрекетін растады. Қазір Улмерге белгілі бір уақытқа дейін сабақ беруге тыйым салынған.

"Жоғарыда аталған адамның мектептегі өрескео әрекеті туралы біле салысымен біз оны дереу мектеп директоры қызметінен шығардық. Ол бізде 2017-2018 жылдары бір жыл жұмыс істеді. Оны жұмысқа қабылдар алдында оның атынан ешқандай жағымсыз ақпарат кездестірмедік, тиісті тексерудің барлығынан өткіздік", - дейді Haileybury мектебінің PR және маркетинг бойынша директоры Көкшетау-Азия-ға берген мәлімдемесінде.

Айта кетсек, 2018 жылдың 3 желтоқсанындда Ульмер "Haileybury Astana" мектебімен келісімге келіп, директор қызметінен босаған.

 




Көрілген: 887    Пікірлер: 0

жұма, 27.12.2019, 11:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29