Қылмыс

Абай ауылында экс-полицей бозбаланы үш жыл бойы зорлап келген

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Түркістан облысында 16 жастағы бозбаланы үш жыл бойы зорлап, ақша бопсалаған полицияның бұрынғы қызметкері ұсталды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға адвокат Айман Омарова хабарлады.


"Зардап шегушіні бірнеше рет зорлап, ақша бопсалаған полицияның бұрынғы қызметкері ұсталды. Оған Қылмыстық кодекстің 121-бабы (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және 194-бабы - қорқытып, ақша алу бойынша айып тағылды. Бірінші бапқа сәйкес, ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Өйткені бұл аса ауыр қылмыс", - деді адвокат.


Үш күн ішінде Түркістан облысының соты күдіктіні қамауға алуға санкция береді.


Жәбірленушінің сөзі


2018 жылдың жаз айында Sputnik Қазақстан Түркістан облысы Абай ауылының 22 жастағы тұрғынының жантүршігерлік оқиғасы туралы хабарлады. Жігіт өзін 16 жасынан бастап екі ер адамның зорлап келгенін және олардың біреуінің үстінде полиция формасы болғанын айтады. Алғаш рет оны 2012 жылдың наурыз айында зорлаған. Сұмдық қылмыс үш жыл бойы жалғасып келіпті.


Айтуынша, зорлап қана қоймай, интимдік видеолармен бопсалап, ақша талап еткен. Баласының басынан өткен жағдай туралы білген кезде ата-анасы екі ер адамның үстінен шағымданған. Бірақ олар бірнеше жылдан бері тергеудің әділ жүргізілмей келе жатқанын айтады.


Жантүршігерлік оқиғадағы екінші жәбірлеуші 1979 жылы туған ер адам. Полицияның бұрынғы қызметкерінің әрекеті туралы білген ол да оқушыны зорлап, ақша бопсалай бастаған.


Бұл қылмысқа байланысты толығырақ ақпарат алу үшін Sputnik Қазақстан Түркістан облысы полиция департаментіне ресми сауал жолдады.


 




Көрілген: 1435    Пікірлер: 0

жұма, 09.08.2019, 16:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31