Абай облысында «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ филиалының басшысы ұсталды

28 шілде 2023, 18:39

2023 жылғы 27 шілдеде ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директорын ұстады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-тармағымен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қарастырылған жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді.

 

Ұсталған адам Семей қаласының уақытша қамау изоляторына тоғытылды.

 

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz