Қылмыс

Абайдың ескерткішіне жұмыртқа лақтырған жігіт 7 тәулікке түрмеге жабылады

  • Абайдың ескерткішіне жұмыртқа лақтырған жігіт 7 тәулікке түрмеге жабылады

    Абайдың ескерткішіне жұмыртқа лақтырған жігіт 7 тәулікке түрмеге жабылады

Абай ескерткішіне жұмыртқа мен дәретхана қағазын лақтырған Павлодар тұрғыны бұзақылық үшін кінәлі деп танылып, жеті тәулікке қамауға алынды. Павлодардың мамандандырылған әкімшілік соты 21 жастағы жігіттің ісін қарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жас жігіт ұсақ бұзақылық үшін кінәлі деп танылды. Сотта оқиғаның егжей-тегжейі анықталды.

 
"Сотта Павлодар тұрғыны бұл әрекетін мойындады, өкініп, бұзақылық ниетпен әрекет ете отырып, дүкеннен жұмыртқа мен дәретхана қағазын алдын ала сатып алып, Павлодардың орталық алаңына келгенін, онда ескерткішке жұмыртқа лақтырып, дәретхана қағазын айналасына қоқсытып кектенін түсіндірді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Соттың мәліметінше, жігіт қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде бармен болып жұмыс істейді және бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Сот Павлодар тұрғынын кінәлі деп танып, оған 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамау тағайындады. Бұған дейін аталған адам 2018 жылдың қараша айында көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ адам бола отырып, жол - көлік оқиғасын жасағаны және оны тастап кеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған", - деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, Павлодар қаласының тұрғыны қызымен жанжалдасамын деп, Абайдың ескерткішін бүлдіріп тастағанын айтқан еді. Одан кейін ескерткішті жуып-тазалағанын жазған едік. 




Көрілген: 665    Пікірлер: 0

сенбі, 22.05.2021, 21:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31