Абылай Мырхахметовке кім пара берді?

11 мамыр 2023, 09:02

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовке параны кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың інісі Талғат Боранбаев бергені белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

«Абылай Мырхахметовтің ісінде пара беруі мүмкін адам– Талғат Боранбаев, 8 жылға сотталған олигарх Қайрат Боранбаевтың кіші інісі», - деп хабарлады белгілі журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында.

 

Айта кетейік, кеше кешке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов 30 миллион доллар көлемінде пара алғаны үшін ұсталғаны хабарланды. Антикор ақпаратты растады.