Қылмыс

Әдейі жолдың қарсы бетімен жүрген көлік жүргізуші қамауға алынды

  • Әдейі жолдың қарсы бетімен жүрген көлік жүргізуші қамауға алынды

    Әдейі жолдың қарсы бетімен жүрген көлік жүргізуші қамауға алынды

Алматыда қарсы жолаққа шыққан жүргізушіге 155 мың теңге айыппұл салынып, бес тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Алматы ПД-ті хабарлады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде бір көліктің жолдың қарсы бетімен әдейі жүрген видеосы тараған. Кадрдан жүргізушінің қасақана жолдың қарсы бетімен жүріп, жол ережесін бұзғанын көруге болады. Сондай-ақ жүргізуші өзінің ерсі қылығын масаттанғандай жолдағы әрекетін видеоға түсіріп отырған. 

Полицияның мәліметінше, ұсталған азамат 1997 жылы туған, Алматы облысының тұрғыны.

Құқық бұзушының жолаушысы түсірген кадрларда барлығы анық көрсетілген. Әрине, жолда мұндай іс-әрекетке жол берілмейді. Қарбалас көше бойымен қарсы жолаққа шығумен қатар, белгілі болғандай, ер адам бағдаршамның тыйым салынған дабылына өтіп кеткен, сақтандыру полисі жоқ, автокөліктіңАлматыда қарсы жолаққа шыққан жүргізушіге 155 мың теңге айыппұл салынып, бес тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Алматы ПД-ті хабарлады. әйнектері қараңғыланған, апаттық жағдай туғызып, тіркеуден шешілген көлік құралын басқарған. Сонымен қатар, жүргізушінің әрекеті ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады. Алматы қаласының МАӘС шешімімен құқық бұзушы бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Айыппұлдың жалпы сомасы 155 мың теңгені құрайтын 11 әкімшілік хаттама шығарылды, – дейді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

BAQ.KZ




Көрілген: 794    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.04.2021, 11:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30