«Ағаңды түрмеден шығарып беремін» – алаяққа сенген әйел 3 миллион теңгесінен айырылды

24 желтоқсан 2021, 11:02

Рolisia.kz-тің жазуынша, Түркістан облысында полицейлер алаяқтарды ұстады.

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, белгісіз екі адам түрмеде жазасын өтеп жатқан ағасын бостандыққа шығарып беретінін айтқан.

Жәбірленушіден сол үшін 3 миллион теңге алған. Бірақ бір жылдай уақыт өтсе де, уәдесін орындамаған. Ақшаны да қайтармаған.

Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, күдікті екі адамды анықтап, ұстады. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

aikyn.kz